Атырау, 19 қараша 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Хаменованың ісі: «Сақ бол, сенің артыңнан қарап жүрген адам көп»

Сурет Бейнежазба
2 155 просмотра

Бүгін, 11 тамызда, таңертеңгі сағат 10-да №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАҒА қатысты іс бойынша екінші отырыс басталды. 

Хаменованың ісі: «Сақ бол, сенің артыңнан қарап жүрген адам көп» 

Еске сала кетсек, төрағалық етуші судья Жұмағали ТАШИМОВ. Айыптаушы ретінде Атырау облысы прокуратурасындағы басқарма прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Лаура АСАНОВА қатысып отыр. Хаменова мен Рысқалиевтің адвокаттары - Игорь ВРАНЧЕВ пен Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, ал Адамовтың қорғаушысы - Нұр-Сұлтандық Марат АЗМАҒАМБЕТОВ.

Іс бойынша облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай АДАМОВ та айыпталушы ретінде өтеді.  

Хаменова - Рысқалиевке: Сақ бол, сенің артыңнан қарап жүрген адам көп»

Бір сағат бойы үш айыпталушыға қатысты айыптау актісі оқылды. Хаменованың айыптау актісі 55 бет болған.

Айыптау актісінен үзінді:

«Хаменова кеңседе Рысқалиевпен сөйлескен. Ол Рысқалиевке 2,5 миллионды Жәнібекке (облыстық халық шығармашылығы орталығы) бер, ал 2 - әзірге өзіңде болсын деді. Кейін Хаменова Рысқалиевке телефон шалып: «Сақ бол, сенің артыңнан қарап жүрген адам көп» деп ескерткен.

Айыптау актісі жарияланғаннан кейін Бақытгүл Хаменова онымен келіспейтінін және өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Ақылбек Рысқалиев тек делдал болғанын, өзі пара алмағанын айтты.

Өміртай Адамов айыптау актісімен келісті.

Судья сағат 15.00-ге дейін үзіліс жариялады. Түстен кейін

куәгерлер тыңдалады.

«Түстен кейін куәгерлерді тыңдаңдар, Шындыққа қөз жеткізіңіздер», - деді Б.Хаменова сот залынан шыға бере өзін қолдаушыларға қарап. Хаменованың адвокаты Игорь Вранчев сотқа қорғалушысының және оның анасының денсаулығын, сондай-ақ отбасылық жағдайын (кәмелетке толмаған балаларының болуы) ескере отырып, оның бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш берді.

Басқа адвокаттар өтінішті қолдады, прокурор өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Сот адвокаттың өтініші бойынша шешімін түстен кейін жариялайды.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 22 желтоқсанынан бері Б.Хаменова тергеу изоляторында қамауда отыр. Оны 10 желтоқсанда 145 млн теңгеге Абайға ескерткіш дайындап, орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасасу үшін ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұстады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша қаралып жатыр. 

11 тамыз 2022, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.