Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түтін бар да, себебі жоқ

1 421 рет қаралды

Атырау облысы бойынша экология департаменті кешегі облыс орталығын басқан түтін бойынша баспасөз хабарламасын шығарды. 

"Біздің  мамандар Пропарка (АМӨЗ) , Химпоселок (АМӨЗ), №114 «Загородная» (Атырау-Орал тасжолы), №109 «Восток» (Махамбет к-сі Құрманғазы алаңы) ауа сапасын бақылау станциялары маңында, Тухлая балка булану алаңы, Дамбы ауылында атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, Пропарка (АМӨЗ) станциясында күкіртсутегі – 0,00141 мг/м3, Химпоселок (АМӨЗ) станциясында күкіртсутегі –0,00144 мг/м3, №109 «Восток» (Махамбет к-сі Құрманғазы алаңы) станциясында күкіртсутегі - 0.00112 мг/м3 ; №114 «Загородная» (Атырау-Орал тасжолы) станциясында күкіртсутегі – 0.00105 мг/м3, Тухлая балка булану алаңында күкіртсутегі -0,00117 мг/м3, Дамбы ауылында күкіртсутегі – 0,00012 мг/м3 көрсетіп, атмосферлық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі анықталмалды".

Айтпақшы, қамыс өртін де тізімнен шығарып тастауға болады. "АЖ"-ға "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары Әлімғали ДАУЫЛБАЕВ хабарласты:

- Резерват аумағында бұл күндері ешқандай өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Мамандарымыз 9 тамызда айналаны қарап, тексеріп шықты, қамыс өртенбеген. Одан бөлек, білуімше, бұл күндері дала өрті де тіркелмеген. 

Міне, бізде де осылай: түтін бар да, оның себебі жоқ. Қызық. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 тамыз 2022, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.