Атырау, 20 сәуір 13:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ТЕҢІЗДЕН БОСАТЫЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ

Сурет
2 532 просмотра

Белгілі болғандай, осы жылдың соңына дейін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО)-ның Келешеккеңею жобасы-Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойыншақұрылыс жұмыстарын орындауға тартылған компаниялармен жасалған келісім-шарттар аяқталады.Соған орай, қызметкерлердің белгілі бір бөлігін қысқартуға тура келеді«АЖ» келесі маңызды сауалдарды анықтады: босатылған қызметкерлер не білуі керек? Жұмысқа орналасудың қандай нұсқалары бар

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін ізденуші өзінің тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуі немесе жұмыссыз ретінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркелу керек. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатындарға жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Сонымен бір мезгілде жұмысіздеуші «электрондық еңбек биржасы» порталы(enbek.kz) арқылы жаңадан жұмыс іздеуді бастай алады

Қазіргі таңда, жұмыстан босатылған жергілікті 2 095 адамның 563-і   тұрақты, 1-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса,  5-і жеке кәсіпкер атанды,ал 1-і зейнеткерлікке шықса,565-іәлеуметтік төлемдер алады. 

Атырау облысының әкімдігі мен ТШО жұмыссыз қалған Атырау облысының тұрғындары үшін кәсіптік-техникалық мамандықтарға оқыту бағдарламасын (бұдан әрі-бағдарлама) ұйымдастырды. Аталған бағдарлама тұрғындарға болашақта жұмысқа орналасу үшін жаңадан білім алуға мүмкіндік береді. Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 11 мамандық бойынша жүргізіледі, оқыту курсы 2 айдан 4 айға дейін созылады. Бағдарламаның 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және осы кезеңде 1200-ден астам адамның оқудан және қайта оқытудан өткендігін атап өткен орынды.Бағдарламаға қатысқысы келетіндер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуы керек. Сонымен қатар, биылдан бастап бағдарлама түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Бұған қоса, «Теңізшевройл» «Caspian news» телеарнасымен бірлесіп, YouTube арқылы кәсіпкерлікті қарапайым және түсінікті тілде кезең-кезеңімен үйрететін «Progress» жобасын іске қосты. Жоба «бизнес бастау үшін ақшаны қайдан алуға болады? Ұжымды басқарып, қаржыны дұрыс бөлудің жолдары, бәсекеге түсудің, дамудың механизмдері қандай?» деген мәселелерді қамтиды.

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Думан ӘБЕУОВТЫҢ айтуынша,жұмыстан босатылған қызметкерлер  жұмыс берушімен  арадағы түсінбеушілікке жол бермеу үшін еңбек және келісімшарттың басқа да түрлерінің арасындағы айырмашылықтардытүсінуі керек. ҚР Еңбек кодексінің 27-бабына сәйкес, еңбек шартының өзге де шарт түрлерінен ерекшелігі онда мынадай талаптардың бірінің болуы: 1) қызметкердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелерді еңбек тәртібіне бағына отырып жеке орындауы; 3) қызметкердің еңбегіне ақы алуы болып табылады.

Еңбек шартын тоқтатуға келетін болсақ, бұл Теңіз кенішінен босатылғандар үшін өзекті мәселе: ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, ол жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделуі тиіс, онда еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуі тиіс. Бұйрықтың көшірмесі үш жұмыс күні ішінде қызметкерге тапсырылуы немесе оған пошта арқылы тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілуі тиіс, - дейді Думан Әбеуов.  

Еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатты беруге міндетті. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш күн ішінде қызметкерге тиесілі қаржыны, оның ішінде егер бұйрық шыққан кезде қызметкер өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланып,үлгермеген болса, еңбек демалысына тиесілі қаржыны толық төлеуге міндетті. 

ТШО мердігер және қосалқы мердігерұйымдардан өз қызметкерлерін жұмыстан босату кезінде еңбек заңнамасының барлық талаптарының сақталуын күтетіндігі туралы  хабарлады. 

ЕСКЕРЕТІН МӘСЕЛЕ!

ТШО-ның мердігер және қосалқы мердігерұйымдары Теңіз кенішіндегі жұмыстарын аяқтап, өз қызметін Атырау облысындағы басқа жобаларда жалғастыратын болады.Бұл қызметкерлердің қазір немесе болашақта жаңа жобаларға жұмысқа орналасуларына мүмкіндік береді.Ол үшін қазіргі жобадағы жұмысты сәтті аяқтаудың маңызы зор. 

… Теңіздегі қызметкерлерді жұмыстан босатуға қатысты әлі де маңызды мәселелер туындауы мүмкін және бұл тақырып алдағы материалдарда қамтылатын болады.  

4 тамыз 2022, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.