Атырау, 25 қараша 12:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Профессор Пейн және катаклизмдер

3 642 просмотра

Сұхбаттасушымның түйіндемесі:

«Доктор Грегори ПЕЙН (суретте). Emerson College’s Department of Communication Studies университетінің профессоры. Саяси байланыстар, дипломатия, дағдарысты жағдайлар кезіндегі (табиғи және техногендік катаклизмдерді қосқанда) қарым-қатынастар саласындағы сарапшы. Аса маңызды тұлғалар оқиғаларын (Диана ханшайымның, кіші Джон Кеннеди өлімдері), сондай-ақ медицинаға, наразылықтар мен ереуілдерге қатысты дағдарысты жағдайларды жарыққа шығару маманы. 1988 жылдан бері әр президент сайлауларында дауыс жинау науқандарына арналған басылым редакторы. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің, Қорғаныс Департаментінің, АҚШ Қазынашылығының, БҰҰ, ЮНИСЕФ және т.б. тәуелсіз кеңесшісі. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің шақыруымен Атырауға келген доктор Пейн мереке алдында бірнеше кездесулер өткізіп, «АЖ»-ға сұхбат беруге келісім берді.

 

ОЛАРДЫҢ ӨЗ ЖАҢАӨЗЕНІ БОЛҒАН

Түсінік алу үшін қай дағдарысты таңдасам екен?! Бізде олар көп қой. «Көтеріліс» сөзі басымнан шықпай-ақ қойды, сондықтан да бірінші сұрақ – Жаңаөзен туралы болды. Бірақ доктор Пейн үнсіз. Аудармашы қыз ол бізбен тек АҚШ елшілігінің қызметкерінің қатысуымен ғана сөйлесе алатындығын түсіндірді. Бір минуттан кейін ол бізге қосылды: АҚШ елшілігінің мәдениет жөніндегі хатшысының орынбасары Дрю Натаниел ПЕТЕРСОН (төмендегі суретте). Сұхбатымыз басталды, 2-дубль. Күлкіден езуімді жия алар емеспін: «кеңестік кезеңдегі шетелдіктермен сөйлесуді еске түсіреді». Менің сұхбаттасушыларым әзілге түсінбеді. ...Біз әр түрліміз, бірақ дамыған, ұлы державалардың арнайы қызметтері, көргеніміздей, ұқсас-ақ екен. Сонымен, Жаңаөзен.

- Иә, мен естігем, - деді доктор Пейн қысқа ғана.

- Басқа түсініктер бересіз бе?  

Доктор Пейн өзінің мамандығы бойынша ғана ерекше емес. Ол өз дәрісінде дипломатияны оқытуға белгілі қыркүйек оқиғаларынан кейін кіріскен. 2001 жылғы 11 қыркүйекте ол террористер алып кеткен ұшақтардың бірінен Бостон қаласынан түсіп қалған. Бірнеше сағаттардан кейін ол Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығы ғимаратына барып соқты.

- Біз сол кезде АҚШ пен Сауд Арабиясы арасында соғыс басталады деп ойладық. Менің студенттерімнің бірі – Фейсал ханзада маған телефон шалып, мазасыздана: «Біздің үкіметтердің қарым-қатынастарына қарамастан біз дос болып қаламыз ба?»- деп сұрады. Мен: «Әрине!» - деп жауап бердім. Ол мұсылмандық қауіп туралы стереотипті бұзу үшін өз студенттерін әкелуді ұсынды. Содан бері мыңдаған студенттер білім алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ пен Сауд Арабиясында болып қайтты.

- Дағдарысты қарым-қатынас бойынша маман ретінде айтқым келетіні, бірінші жасайтын нәрсе, оқиға қандай да бір жантүршігерлік болса да, халыққа айтылуы керек. Кез келген жанжал – бұл белгі. Өз тәжірибеме сүйеніп айта алатыным, Кент университетінде болған атыс (полиция студенттер ереуіліне қарсы оқ атқан – З.Б.) – бұл айтуға ауыз бармайтын оқиға болды, алайда айтуға тура келді. Кентте болған оқиғадан кейін біздің үкімет осындай дағдарыстар туралы хабарлауды үйренді. Сіздер қандайма болсын бір оқиғаны «жасыра» алмайсыздар, өйткені халықтың сенімінен айырылып, кері қалпына келтіре алмауларыңыз мүмкін.

- Ал егер сенім жоғалғаны белгілі болып, оны қалпына келтіруге еш шаралар қабылданбаса ше?

- Сіздердің үкіметтеріңіз Жаңа-өзен оқиғасынан біздікілердің Кенттен алған сабақтарындай, алға қарай осындай жағдайларды қалай басқару, оқиғаны көпшілікке қалай жеткізу керектігі жөнінде бірталай білім жинақтады деп ойлаймын... Бізде бұл студенттердің бірінші ереуілі еді...

- ...және жалғыз, - деді жұлып алғандай, жаңадан бері телефонмен біреуге хат жазып отырған Петерсон. Доктор Пейн сөзін жалғап:

- ...бұл оқиға анық көшбасшылық бағдардың жоқ болғанын көрсетті және оқиға толыққанды жарияланбады.

- Үкіметтің көпшілікпен сөйлесе алмауының және жалпы, халық пен билік арасында байланыстың, қатынастың жоқтығының қандай зардаптары бар?

- Халықтың сенімі жоғалады. Кез келген мемлекет, үкімет, ұйым үшін өте маңызды құндылық – бұл халықтың сенімі.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

Осы жерде Петерсон тағы килігіп, доктор Пейнге осында не үшін келіп отырғанын есіне салды.

- Пейн мырзаның Қазақстанда айтқан негізгі жолдауы үкімет табиғи зілзалалар кезінде қандай әрекеттер жасауы керектігі жөнінде, - деп түсіндірді маған аудармашы. Доктор Петерсонға «иә, сіздікі жөн» деп бас шұлғып, әңгімесін жалғастырды:

- Мен өзімнің барлық презентацияларымдакез келген жағдайларда,сондай-ақ табиғи зілзалалар кезінде белсенді болу керек, жағдайға жауап беріп қана қоймай, ол туралы өзің әңгімелеуің қажет, әйтпесе мұны сіз үшін басқа біреу жасайдыдеп талай айтқанмын. Оқиға болған жерге тез арада барып, ақпараттарды үнемі жаңартып отырып, түсініктеме беруден ешқашан бас тартпау керек. Егер ақпараттар толық емес болса да, оны беру керек: «біз әзірге ақпараттарға ие емеспіз, нақты деректер кейіннен келеді және біз сіздерді солар туралы міндетті түрде құлақтандырып отырамыз». Ақпараттар арнасын жабуға болмайды, бұл жағдайда халық әлеуметтік желілер сияқты дәстүрлі емес ақпарат көздеріне көшуі мүмкін. Біз кез келген елдің үкіметі ақпараттар ағынын бақылауда ұстай алмайтындай әлемде өмір сүріп отырмыз, сондықтан да барлық байланыс салаларын есепке алу керек. Дағдарыс кезінде дәстүрлі БАҚ-тарды ғана назарда ұстамау керек, сондай-ақ әлеуметтік желілерде не айтылып жатқанына да мониторинг жасау керек. Мен бақылау жасау туралы айтып отырған жоқпын, мен өсектер мен деректерді бұрмалау оқиғаларының алдын алу туралы айтып отырмын.

- Бізде осы жақында бір республикалық деңгейдегі шенеунік блоггерлерді бас-басынан есептеп, оларды бақылауда ұстауды ұсынды, өйткені, оның пікірінше, олар қоғамдық пікірді бұрмалайды екен.

- Кез келген капиталистік мемлекетте бәсекелестік ортада ықпалдылық үшін күрес жүреді. Әрқашан біреу басымдыққа жету үшін күреседі. Оның мақсаты дәстүрлі БАҚ-қа халықтың сенімін қайтару үшін дәстүрлі масс-медиа мен әлеуметтік желілер, бұл жағдайда блоггерлер арасындаәріптестікті қалыптастыру болғанын ғаламтордан оқығанмын.

- Біздің блоггерлер бұл ұсынысты әріптестік емес, цензура енгізу әрекеті ретінде қабылдады.

- Оларға бұл ұсынысты дәл осылай кері қабылдау керек деп ойламаймын. Белсенді диалогқа келіп, олар осы шенеуніктің өзінің пікірін қалыптастыруға әсер етер ме еді. Алайда, ең бастысы, өз пікірін, көзқарасын сақтап, өзіңе деген сеніміңді жоғалтпау.

- Сіз әлеуметтік желілерді баламалы, еркін БАҚ деп атайсыз, ал жақында пайда болған «Фейсбук – бұл белгілі бір елдегі «адам материалдарын» зерделеуге арналған шетелдік арнайы қызметтердің зерттеу алаңы» деген пікірге қалай қарайсыз?

- Демография саласын зерттеп жүрген кез келген зерттеу институттары немесе ұйымдар қандай елде адамдар Фейсбукті қолданатыны жөнінде зерделейді деп ойлаймын.

ПРЕЗИДЕНТТЕРГЕ ІНДЕТ ТАП БОЛЫП ЖАТЫР... 

- Соңғы кездері Латын америкалық елдер басшыларында «обыр» індетінің табылуы бекерден бекер емес, АҚШ арнайы қызметтерінің «астыртын әрекеттері» деген пікір ашық талқылануда.

Доктор мен мәдениет жөніндегі ассистент өзара сөйлесіп, күліп қойып, сұрақты түсіндіруімді өтінді. Мен өзімді нағыз «gossip» - өсекші ретінде сезініп отырмын, алайда не де болса кері қайтпай, жымимастан, мысал келтіре бердім. Мен «солшыл» көшбасшыларды тізе бастадым: Аргентинаның экс-президенті Нестор Киршнер (тоқ ішек обырынан өлді), Бразилия президенті Дилма Русеф (лифматикалық тін обырымен күресуде), оның ізбасары Луис Инасиу Лула да Силва (тамақ обыры), Куба төңкерісінің көшбасшысы Фидель Кастро (ішек обыры), Боливия президенті Эво Моралес (мұрын безінің обыры), парагвайлық президент Фернандо Луго (лифматикалық тін обыры) және о дүниелік болған Уго Чавес (көшіктік рабдомиосаркома).

- Осы теориялардың барлығы қайдан шығады? - деп күлді Пейн.

- Соңғы рет бұл туралы «Московский комсомолец» басылымынан оқыдым.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ: «КЕНТТЕГІ АТЫС»
1970 жылы Огайода «Кенттегі атыс» атымен белгілі болған оқиға болды. Студенттер американдық әскердің Камбоджаға басып кіруіне қарсы наразылығын білдірді. Бейбіт шеру жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, көшеде дүкен сөрелері талқандалып, өрт қойылып, сыра шөлмектерін полиция қызметкерлеріне лақтыру орын алды. Кентке АҚШ-тың ұлттық гвардиясы енгізілді. 4 мамырда университет қалашығында халықты сабасына түсіру үшін студенттерге қарсы винтовкаларымен шықты. Бірақ наразылық білдірушілер кері шегінбей, солдаттар оқ ата бастады. Төрт адам өліп, тоғызы жараланды.

- Бұл астыртын әрекеттер теориясы – бір жағынан көңіл көтеру сипатында болса, бір жағынан ресейлік БАҚ-тар үшін Ресейдің өзіндегі сөз бостандығының жоқтығы және адам құқығы саласындағы заңбұзушылықтар сияқты проблемалардан басқа жаққа алаңдататын тәсіл ретінде қолданылады. Қазіргі заманда халықтан жасырған ақпараттарды ұстап отыру өте қиын. Мұндайды қанша уақыт бойы жасырып отыруға болатынын білмеймін. Уго Чавес тірі уақытында да жұлдыз сияқты болған, өлгеннен кейін де оның ажалына «нашар жігіттер» кінәлі деген детективке ұқсас шытырман сценарий жазып кетті. Жұлдыздылығы ретінде оған тек апалы-сіңлілі Кардашьяндар (американдық реалити-шоудың кейіпкерлері) мен Кенни Уэст, ол, бірақ, ән шырқайды, бәсекелестер бола алатын болар.

- Бірақ Венесуэла терең қайғы үстінде. Чавестің өлімінің АҚШ үшін маңызы қандай?

- Иә, Венесуэла қайғы үстінде, алайда ол кеткеннен кейін елдің демократиялануына, жақсы өмірге, өз көзқарастарын бұқпантайсыз білдіруге үміттенетін, мұнай қорлары жарқын жобаларға емес, елдің экономикалық жағдайларын жақсартуға бөлінетініне сенетін халықтың бір бөлігі бар...

Бұл жай ғана өте танымал адамның өлімі. Біз атақты адамдарға бағытталған қоғамда өмір сүреміз. Айта кетсем, Венесуэланың Чавес президенттік еткен уақытта экономикалық жағдайы жақсара қойған жоқ.

Біздің сұхбатымыздың уақыты аяқталды. Грегори Пейн белгіленген дәрісіне асықты. Біз жылы қоштастық. Сол кезде Петерсон мәтінге келесі сөйлемдерді міндетті түрде қосу керектігін ескертті:

- Бүгін доктор айтқан әңгіменің барлығы – оның жеке пікірі, ол тәуелсіз сарапшы және ол АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.