Атырау, 26 сәуір 14:44
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жайық өзенінің жағдайы өте ауыр - Тоқаев

2 168 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиында сөйлеген сөзінде Жайық өзенінің жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінде климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді де қозғады. Атап айтқанда, «жасыл» инвестицияларды көбейту мүмкіндігін кеңейту жоспары мен экологиялық проблемаларды шешу жолдары сөз болды.

– Былтыр жауын-шашынның аздығынан өзендердің суы таяз болып, диқандарымыздың көпшілігі құрғақшылықтан қатты зардап шекті. Трансшекаралық Жайық өзенінің жағдайы өте ауыр. Мемлекеттеріміз орнықты даму үшін мұндай ұзақмерзімді міндеттерді бірлесіп шешуі керек деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.

17 маусым 2022, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.