Атырауда жасы келгенпациенттің жүрегіне алғаш рет ашық әдіспен ота жасалды. Ақсақалдың туған күні қарсаңында хирургтар оған екінші өмір сыйлады.
Біз қалалық ауруханада (БСМП) жатқан 80 жастағы Мерген ЕГІЗБАЕВҚА (суретте) барып, оны көтеріңкі көңіл күйде отырған аман-сау қалпында кездестірдік:
- Мен ешқашан жүрегім ауырып көрген жан емеспін, - дейді ол. – Ал екі бауырым осы дерттен көз жұмды. Бірі 2010 жылдың желтоқсанында, екіншісі де сол айда 2012 жылы о дүниелік болды. Егер алдын алып, мені ауруханаға апарған балаларым болмағанда менің де кезегім келген болар еді.
Дәрігерге барған кезде қария алғашқы инсультты бастан кешірген екен. Одан кейін тағы қайталаса, ажал құрығынан құтылмас еді.
- Жүректі үш артерия қоректендіреді. Оның екеуі істен шыққан болатын, - дейді кардиолог дәрігер Мирам НҰҒЫМАНОВ. – Егде тартқан жасын ескеріп, пациентке жүректі тоқтатпай ота жасауды ұйғардық. Бұл біз үшін қосымша қиындық болатын, өйткені дүрсілдеп соққан жүрекке әлдене жасау екі есе қиын еді. Сәтті өткен операция аз уақытқа – екі жарым сағатқа созылды.
Бір қызығы, егде жастағы адамдарға Атырауда бұрыннан да ота жасауға мүмкіндік болыпты, жабдықтар да, хирургтар да бар. Тек өзіміздің қарияларымыздың тағдырларына мойын ұсынған жандар екені белгілі. Олар жасы келген адам өмірмен күреспей, маңдайға жазғанға көну керек деп есептейді.
- Бұл дұрыс емес, - дейді М.Нұғманов. – Дүние жүзінің кез келген емханасындағыдай, операция үстелінде қайтыс болу қаупі аз.
Былайша айтқанда, хирургтардың көмегімен өмірді ұзарту мүмкіндігінің пайда болуы да – Алланың қалауымен болатын нәрсе ғой.
Айта кетелік, дәрігерлер жыл сайын Атырауда жүректеріне операция жасауға келісетін барлық жастағы адамдар санының көбейгенін атап отыр. 2010 жылы мұндай пациенттер 26 адам, 2011 жылы – 45, 2012 жылы – 75 адам болған. Ал биылғы жылдың екі айында 20 адамға сәтті ота жасалған.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор