«АЖ» неліктен жетімдердің Жылыой мен Мақат аудандарынан тегін, ал Исатай, Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарынан ай сайын өмір бойына 2400 теңге мөлшерінде жалға алу шартымен ғана баспана ала алатындықтарының себебін анықтап білген еді.
Біздің «Тығырыққа тірелгендер», «Атырау облысының Құрама штаттары» жарияланымдарымыз тек Атырау облысында ғана резонанс тудырмағанын еске саламыз.
Алдыңғы мақалаларда №1 мектеп-интернатының түлегі Эльмира ТОКАЖУКОВАНЫҢ өз отбасымен бірге және оның тағдырласы, сол секілді жетім Лидия ФИЛЮШИНАНЫҢ өздеріне заң бойынша тиесілі баспананы алу үмітімен бірқатар кеңселердің табалдырығын тоздырғаны туралы жазған болатынбыз. Әзірге Эльмира күйеуімен және екі кішкентай сәбиімен бірге Бірінші учаске маңында шағын уақытша баспананы жалдауда. Ал Лидия екі жасар қызымен бірге өзі бармен боп жұмыс жасайтын кафенің бөлмесінде тұрады.
Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВТЫҢ ақпараты бойынша, қазіргі уақытта баспанаға зәру (жетімдер санатында) 327 адам есепте тұр. Оның 143-і әлі интернатта тұрады.
Мақалалар жарық көргеннен кейін іле-шала редакцияға пәтер мәселесінің тұйығына тірелген жетім түлектердің бір тобы хабарласқан еді.
Жалпы, жетімдерге Атыраудан емес, Махамбет поселкесінен баспана беруге уәде берілген екен. Ұзамай олардың қуаныштары су сепкендей басылыпты. Пәтер төлемақысынан басқа, олар ай сайын 2400 теңге жалдау ақысын төлеулері тиіс екендігі анықталған. Ал Жылыой мен Мақат аудандарында мұндай ереже жоқ.
Әрине, біз неліктен әр ауданның өз ережесі бар деген сауал қойған едік.
Махамбет ауданының әкімі мен прокурорына жолдаған біздің сауалымызға жауап көп күттірмеді.
Күрделі кеңсе тілімен жазылған төрт парақтан тұратын жауаптан анық болғаны, заңда тегін баспана тиесілі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын сегіз азаматтар санаты бар екен. Олардың ішінде, өкінішке орай, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67-бабына сәйкес, жетімдерге орын берілмепті. Демек, бұл оларға тегін баспана болмайды деген сөз.
ТӨЛЕ ДЕ, ТҰРА БЕР
Алайда ол жерден ілік табуға болады екен. Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Алтынбек ЖҰМАБЕКОВ өз хатында жетімдердің белгілі бір шартпен ғана өз баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндіктері бар екенін жазған.
Әдеттегіше, мұндай үйлер жергілікті тұрғындардың жергілікті бюджеті есебінен сатып алынады. Осындай баспананың кілтін тапсырған билік жергілікті бюджетті қалдық құнымен толтыруды талап етеді. Бұл жағдайда ол айына 2400 теңгені құрайды.
«Балалар төлеп құтылған кезде, баспананы жекешелендіре алады, төлеп құтылмаса – ешкім оларды қуып шықпайды, бірақ ата-аналары қайтыс болғаннан кейін бұл баспана балаларына тиесілі болмайды», - деп түсіндірген еді бұрынырақ Жасөспірімдер үйінің директоры Гүлшара САРБАЕВА.
ЭЛЬМИРА МЕН ЛИДИЯҒА ҮМІТ БЕРДІ
Заңға қарамай әрекет еткен Жылыой мен Мақат аудандары биліктерінің жетімдерге қатысты ұжданды әрі жанашыр боп көрінгендігі түсінікті. «Иә, бізге өте жақсы баспана берді, тіпті бұрынғы қожайындары жанашырлықпен жиһаздарын да қалдырды, - деп әңгімелейді мақаттық жетім телефон арқылы. – Менің жолым болды. Су, кәріз, жарық, газ – қажеттің бәрі бар. Мен өз аты-жөнім мен мекен-жайымды айтқым келмейді. Алып қояды ма деп қорқамын. Біз бәріміз осы мәселеге бақылау жасап отырмыз, интернаттағы бауырларымызды қолдауға тырысамыз».
«Махамбеттік» жетімдерден айырмашылығы, оның жолы болған екен. Тағы бір жағымсыз жайт анықталды. Бұларға тиесілі үйлердің қарапайым тұрмыстық жағдайлары: су да, кәріз де жоқ екен.
Аудан әкімінің орынбасары Серік АРЫСТАН жауап хатында: селодағы қандай кәріз жүйесі туралы әңгіме қозғалып отыр, бұл үйлердің 1,6 пайызында ғана бар деп, қынжылыс білдіреді. Суды да жергілікті тұрғындар құдықтар мен колонкалардан жинап алады екен...
Эльмира мен Лидияға қайта оралайық. «Нұр Отанда» оларға салынып жатқан жаңа 200 пәтерлік үйден пәтерлер алып беруге уәде беріпті. Оның 60-ы жетім балаларға арналған екен. Қандай шартпен берілетіні әзірге анық емес, бірақ жетім балалар жабырқап қалмас деп ойлаймын.
АНЫҚТАМА: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР за-ңының 2-бабының 40-1-тармақшасына сәйкес, тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны тұрғын үйдің қалдық құны деп түсіндіріледі.
Анастасия ПАСТУХОВА