Атырау, 19 сәуір 17:49
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ең қайғылысы - үшінші баланы құтқара алмағаным»

1 806 просмотра

Жуырда Жылыой ауданы Тұрғызба ауылында қайғылы жағдай орын алды. Екі бала құтқарылғанымен, біреуі суға батып кетті. Екі баланы құтқарып қалған ауылдастары Есет УТАРАЛИЕВ еді.

Оқиға маусымның 4-і күні орын алған. №4 мектептің оншақты оқушысы сағат 17.00 шамасында ата-аналарының рұқсатынсыз Жем өзеніне шомылмақ болып барады. Бастапқыда балалар үшін қызық болғанымен өзеннің тереңдігіне барып қалған үш бала әл-дәрмені құрып, суға бата бастайды. Қалғандары көмекке шақырып, оларды сол маңда жүрген Есет естіп, көп ойланбастан суға секіреді. Екі баланы өзен жағасына шығарып үлгереді, ал үшіншісін, 12 жастағы баланы 40 минуттан кейін судан шығарады. Өкінішке орай, бала суға тұншығып қалған еді.

Құтқарушы жігітті Жылыой ауданының әкімі Х. Жамалов, Жем ауылдық округінің әкімі Д. Айтпенбет, аудандық мәслихат хатшысы С. Таласов алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

- Менің орнымда қай адам болса да балаларға көмек жасар еді. Ең қайғылысы - үшінші баланы құтқара алмағаным, - дейді 28 жастағы Есет.

Жалпы Есет туралы ауылдастары жақсы пікірде, ол әдебиетке жақын болып өскен, «Тарлан» театрының белді мүшесі. Қарапайым, елгезек, батыр жігіт.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

10 маусым 2022, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.