Атырау, 11 желтоқсан 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қауіп жоқ деме, қыр астында

2 766 просмотра

22 ақпан күні облыстық санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау комиетінің департаментінде адам мен мал арасында кездесетін эпидемияларға арналған дөңгелек үстел өтті.   

- Қазір Құрманғазы ауданында  Ресейден әкелінген «Адилин» деген жануарларды тыныш ұйықтатып тастайтын препаратты қолдана бастады. Бұл препаратты облыстың барлық аумағында да енгізу жоспарланып отыр, - дейді департаменттің бас маманы Арайлым ҚАСЕНҒАЛИЕВА.

Департамент директорыныңорынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ листериоз деген аурудың қауіптілігін атап өтті:

- Құлсарыда күні кеше листериоз ауруымен бір адам тіркелді. Одан бөлек, соңғы жылдары Атырау облысы өңірінде климаттық жағдайдың өзгеруі індет маусымында кенелердің белсенділігінің артуына қолайлы жағдай туғызып отыр. Бұл халық арасында арбовирусты аурулардың дамуына әкеп соғады. 2012 жылы кене шағумен 12 адам тіркелген.

Соңғы уақытта облыста бұрын кездеспеген ауру түрлері шығып отыр. Мәселен, қалада қансорғыш жәндіктердің шағуынан пайда болатын боррелиозбен 2 науқас, Астрахан риккетсиозды қызба ауруымен 1 науқас тіркелген.

Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облыстық инспекциясы бастығының орынбасары Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша,бүгінде бруцеллезбен ауырған малдың көзін жою жұмыстарында олқылықтар орын алып отыр.   

- Бруцеллез малдарын жоюдағы қиыншылықтар - мал сою орындарының жоқтығынан деп айтуға болады, - дейді Ғ. Бисенғалиев. - 2011 жылы салынуға тиісті үш мал сою алаңы құрылысы аяқталып, ветеринариялық, санитарлық талаптарға сай болмағандықтан іске қосылмай оотыр. Облыста қазіргі есеп бойыша 66 мал көмінділері бар. Оның көпшілігі ветеринариялық талапқа сай емес. Мақат ауданында бірде бір мал көміндісі жоқ.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Қырым қанды қызбасы ауруының да таралу қаупі бар екендігі сөз болды.

- Әзірге бұл ауру біздің облыста тіркелген жоқ. Бірақ, қазір елдің оңтүстігінде көбейіп, Қызылордаға келіп жеткен. Сондықтан, біз қазірден бастап сақтық шараларын алуымыз керек,- деді А. Жұмағалиев.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

28 ақпан 2013, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.