Атырау, 24 қараша 18:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 63-күн

1 521 просмотра

Украинадағы соғыс туралы бүкіл ақпарат Азаттық радиосыХабар 24  басылымдарынан алынды.

21:07

27 сәуір. Украинадағы соғыста не болды? Негізгі оқиғалар.

  • "Суспільне" сайтының жазуынша, Херсон қаласында ресейлік әскерилер оккупацияға қарсы шыққан херсондықтарды күшпен таратқан. Ресей әскерилері шулы гранаталар мен көзден жас ағызатын газ қолданған. Облыстық жедел жәрдем орталығының хабарлауынша, екі адам жараланған.
  • Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, Түркияның жұмысына қарамастан Ресей президенті Путин мен Украина президенті Зеленскийдің кездесуі бойынша келісім жоқ.
  • Мариуполь қаласы әкімінің орынбасары Петро Андрюшенко Ресей әскерилері "Азовсталь" комбинатына әлі шабуыл жасап жатқанын, "Азовстальдан" бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліз ашу бойынша да келісім жоғын айтты.
  • G20 саммитіне төрағалық ететін Индонезияның президенті Джоко Видодо Украина президенті Владимир Зеленскийді жыл соңында G20 саммитіне шақырды. Зеленскийді жиынға шақыруды Батыс елдері сұраған. Бұған қоса, Видодо жиынға Ресей президенті Путинді шақыратынын да айтқан.
  • "Газпром" Ресей рублімен төлеуден бас тартқан Польша мен Болгарияға 27 сәуірден бастап газ бермейтінін мәлімдеді.
  • БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Путин Украинамен келіссөзге Бучадағы жағдай кедергі келтіргенін айтқан. Мәскеу Украинаның Буча қаласындағы қырғынды Ресей әскері жасады дегенді мойындамайды.
  • Ресей-Украина соғысы Украина аумағынан асып кетуі ықтимал. Молдованың жікшіл аймағы Приднестровьеде екінші күн қатарынан жарылыстар болды. Сейсенбі, 26 сәуір күні Ресей радиосы мен телеарналарын тарататын мұнара жарылды. Аймақ тұрғындары Украина мен Молдоваға кетуге талпынып жатыр.

20:03

Путин "Батыс Украинадағы жағдайға араласса тез жауап береміз" деп сес көрсетті.

Путин 27 сәуірде өткен Заң шығарушы кеңестің жиынында "Батыс Украинадағы жағдайға араласса көзілеспес жымлдамдықпен жауап береміз" деді.

"Егер кімде-кім жағдайға сырттан араласып, Ресейге стратегиялық қауіп төндірсе, біз көз ілеспен жылдамдықпен әрі тез арада жауап береміз. Бізде басқаларда жоқ құралдар бар. Ал біз олармен мақтанбаймыз, біз оларды қажет болса қолданамыз" деді Путин.

Путин Украинада болып жатқан қақтығысқа қатысты "біздің офицерлер өз парыздарын батыл түрде орындап жатыр, барлық мақсатқа қол жетеді" деді.

Путиннің бұйрығымен Ресей әскері 24 ақпанда Украинаға басып кірген. Кремль бұл әрекетін "арнайы операция" деп атайды. "Соғыс" сөзін қолданғандарды қудалап, қылмыстық іс қозғап жатыр.

Батыс сарапшылары Ресей Украинадағы соғыста көп әскери шығынға ұшырады деп есептейді. Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің есебінше, соғыста Ресейдің 15 мың әскері қаза болған. Соғыстың алғашқы апталарында Ресей Киевті басып алуға тырысқанымен, бұл әрекеттері сәтсіз болып, қазір Кремльдің әскери күші Донбасс аймағын алуға тырысып жатыр. Ұлыбритания барлаушыларының дерегінше, Ресей Украинаның шығысында да айтарлықтай жетістікке жете алмай жатыр.

Соғыс басталғанда АҚШ пен НАТО Украинаға әскер кіргізуден бас тартқан. АҚШ президенті Байден "Украинаға әскер кіргізсек, үшінші дүниежүзілік соғыс басталады" деп мәлімдеген. АҚШ, НАТО және Еуропа елдері Украинаға қару-жарақ жағынан көмек көрсетіп жатыр.

18:49

Қазақстан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның елге кіруіне тыйым салуы мүмкін.

Қазақстан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның елге кіруіне тыйым салуы мүмкін. Бұл жөнінде сәрсенбі күні сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

"Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның намысқа тиетін объективті емес мәлімдемесі назар аудартады. Оның мәлімдемесі бәлкім, Ресей қоғамы мен саяси истеблишментінің белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін болар, бірақ екі ел арасындағы әріптестік пен келісімдердің бағыты мен мазмұнына қайшы. Мұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы тату көрші қатынасқа зиянын тигізіп, стратегиялық әріптестікті жақтамайтындардың сойылын соғады. Ол Қазақстанға кіруі тиіс емес адамдардың тізіміне енгізілетін болар" деді министрлік өкілі Айбек Смадияров.

Кеосаян 24 сәуірде бағдарламаларының бірінде қазақстандықтар "Украинадағы жағдайға мұқият қарап, сабақ алуы тиіс", ал Ресейдегі жауапты тұлғалар екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта қарауы тиіс деп қоқан-лоқы жасаған. Бұл қоғам арасында қызу талқылау туғызған.

Кейінгі кезде Ресей саясаткерлері мен орыс қоғамына "танымал тұлғаларының" Қазақстанға қарата айтылған "қоқан-лоқы" сипатындағы мәлімдемелері жиілеген. Наурыздың соңында Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Украина үлгісі бойынша Қазақстанды да "денацификациялау" және "демилитаризациялауға" шақырған. Қазақстан СІМ ведомство тек "федералдық деңгейдегі мәлімдемелерге" ғана реакция білдіреді деген.

Мәскеумен одақтас ел саналатын Нұр-Сұлтан 24 ақпанда Украинаға қарсы Ресей ашқан соғысты айыптаған жоқ. Наурызда Ресей әскерін Украинадан шығаруды талап ететін екі қарар бойынша дауыс бергенде Қазақстан қалыс қалды. Орталық Азиядағы бұрынғы совет республикасы Украинадағы жанжал бойынша бейтараптық сақтауға тырысып келеді.

Дегенмен Қазақстан билігі жекелеген мәлімдемелерінде Украинаның территориялық тұтастығын мойындайтынын, Украина шығысындағы сепаратистік құрылымдардың "тәуелсіздігін" мойындамайтынын айтқан.

18:04

"Газпром" Польша мен Болгарияға газ жеткізуді тоқтатты.

Ресейдің "Газпром" компаниясы польшалық PGNiG және болгариялық "Булгаргаз" компаниясына газ жеткізуді тоқтатты. Ресей компаниясы польшалық және болгариялық компаниялар газ бағасын рубльмен төлеуден бас тартты дейді.

PGNiG кеше жағдайды бақылап отырғандарын, кез келген жағдайға дайын екендіктерін жеткізген. Польшалық компания газ мәселесін өз өнімдерімен және жиналған газ қорымен шешпек. PGNiG елдегі газ қоры 80 пайыз толып тұр дейді.


14:00

Ресей-Украина соғысы Украина аумағынан асып кетуі ықтимал. Молдованың жікшіл аймағы Приднестровьеде екінші күн қатарынан жарылыстар болды. Сейсенбі, 26 сәуір күні Ресей радиосы мен телеарналарын тарататын мұнара жарылды. Аймақ тұрғындары Украина мен Молдоваға кетуге талпынып жатыр.

13:59

"Украина әуе кеңістігінің көбін бақылауда ұстап отыр".

Ұлыбритания әскери барлаушылары бүгінгі есебінде:

  • Украина әуе кеңістігінің басым бөлігін бақылауда ұстап отыр. Ресей Украинаның әуе күштерін я ракетаға қарсы жүйелерін құрта алмады. Ресейліктер өз авиациясына қауіптен сескенеді.
  • Дегенмен Ресей Украинаның әскери объектілері мен инфраструктураларына шабуылды жалғастырып жатыр.

12:20

Ресейдің Белгород облысында қару-жарақ қоймасы өртке оранды.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Telegram-каналында таңғы төрт шамасында жарылысқа ұқсас дыбыстан оянғанын, кейін әлеуметтік желіге пост жазып жатқанда тағы үш жарылысты естігенін айтты.

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Старая Нелидовка (Белгород қаласынан оңтүстікке қарай, Украина шекарасына жақын) ауылы жақта қару-жарақ қоймасы өртке оранған деп жазды ол.

Гладковтың сөзінше, бейбіт азаматтар арасында жапа шеккендер жоқ, ал өрт сөндірілген.

Мұның алдында Ресейдің Бердянск қаласында екі мұнай базасы өртенгені хабарланған.

Соғыс уақытында мұндай ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.


Ресей Киевтегі британ кеңесшілеріне сес көрсетті

Ресей қорғаныс министрлігі Украина британ кеңесшілерінің арандатуымен федерация аумағына шабуылдаса, "Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына" соққы жасалады деп қорқытты.

Мұның алдында Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Украинаның батыс қаруымен Ресейдің әскери нысандарын атқылау мүмкіндігі "заңды" деп мәлімдеген.

Джеймс Хиппидің пікірінше, шабуыл нысандарын қару өндірушілер мен оны жеткізушілер емес, украиндардың өздері анықтайды.

Осы тұрғыдан алғанда, Ресейдің Батыс Украинадағы әскери нысандарды атқылауы заңды деп есептеледі. "Бұл да соғыстың бір бөлігі", - деді Хиппи.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл мәлімдемені арандату деп қабылдап, Киев осындай қадамға барса, мұндай соққыларды өзі де жасайтынын ескертті.

"Ресей қарулы күштері Киевтегі осы тәріздес шешім қабылдау орталықтарын атқылауға жарайтын ұзақ қашыққа арналған қару қолдануға дайын", - деп жауап берді министрлік. Ресей мұндай орталықтарда батыс елдерінің кеңесшілері жұмыс істейді деп есептейді.

Мәскеу Киевтегі "шешім қабылдау орталықтарын" атқылауы мүмкін екенін бұған дейін де ескерткен. Мұндай орталықтарда шетел кеңесшілері бар-жоғы беймәлім.

АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Германия және басқа да елдер Украинаға қару-жарақ жеткізіп, оның қорғаныс саласына қажетті басқа да көмек беріп отыр. Украина президенті Владимир Зеленский мұндай көмекті арттыра түсуін сұраған.


БҰҰ: Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін

11:30, 27.04.2022 11 UPD: 11:02, 27.04.2022 Биыл жыл соңына дейін Украинадан шетелге бас сауғалап қашқан босқындар саны 8 миллион 300 мыңға жетеді деген болжам бар.

БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі осындай болжам жасап отыр. Ал ресми дерекке қарағанда қарулы қақтығыс басталғалы Украинада 12 миллион 700 мың адам баспанасын тастап қашуға мәжбүр болған. Олардың 5 миллионнан астамы шекара асса, 8 миллиондайы ішкі босқынға айналған. Олардың 90 проценті әйелдер мен балалар.

«Бұдан бөлек тағы 13 миллион тұрғын қақтығыс аудандарында қалып қойған», – дейді ұйым өкілдері.


12:20

Ресейдің Белгород облысында қару-жарақ қоймасы өртке оранды.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Telegram-каналында таңғы төрт шамасында жарылысқа ұқсас дыбыстан оянғанын, кейін әлеуметтік желіге пост жазып жатқанда тағы үш жарылысты естігенін айтты..

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Старая Нелидовка (Белгород қаласынан оңтүстікке қарай, Украина шекарасына жақын) ауылы жақта қару-жарақ қоймасы өртке оранған деп жазды ол.

Гладковтың сөзінше, бейбіт азаматтар арасында жапа шеккендер жоқ, ал өрт сөндірілген.

Мұның алдында Ресейдің Бердянск қаласында екі мұнай базасы өртенгені хабарланған.

Соғыс уақытында мұндай ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.


11:20

Нидерланд Ресей азаматтарына туристік виза беруді тоқтатты.

Нидерландының Ресейдегі консулдығы 27 сәуірден бастап Ресей азаматтарына қысқа мерзімді визаларды бермейтінін мәлімдеді. Оның ішінде туристік визалар да бар.

Бұған консулдық қызметкерлері санының қысқаруы түрткі болған. 19 сәуір күні Ресей сыртқы істер министрлігі Нидерландының 15 дипломатын қайтаратынын мәлімдеген. Бұл Амстердамның наурыз айындағы қадамына жауап еді. Ол кезде Нидерланд Ресейдің 17 дипломатын нон-грата тұлғасы деп жариялаған.

Нидерланд консулдығының айтуынша, енді Ресей азаматтары тек гуманитарлық виза мен ықтияр хатқа ғана құжат тапсыра алады.

Нидерланд Шенген аймағына кіреді. Яғни ол елге барғысы келетіндер Шенген аймағына кіретін өзге мемлекеттердің визасын алып, содан кейін Нидерландыға бара алады. Бірақ дәл осындай тыйымды Украинадағы соғыс басталғалы Эстония, Латвия, Литва және Чехия елдері де қабылдаған.

Ресей Украинаға басып кірген 24 ақпаннан бері Еуропа Ресейдің 400-ден дипломатын еліне қайтарған. Ресей мұндай қадамдарға қарымта шарамен жауап беріп жатыр.

10:49

Путин Гутерришке Ресей Украинамен келісуге бейіл екенін айтты.

6 сәуірде Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Шамамен бір сағатқа созылған келіссөздің басты тақырыбы Украинадағы жағдай болды.

Кездесу кезінде Владимир Путин Ресей Украинамен келісуге бейіл екенін және жағдайды дипломатиялық тұрғыда реттеуден бас тартпайтынын жеткізді. Ол Стамбулдағы келіссөздің сәтті өткенін атап өтті.

"Елеулі ілгерілеушілікке қол жеткіздік. Украиналық әріптестеріміз қауіпсіздікке кепілдікті Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған шекарасы деген ұғыммен байланыстырған жоқ" деді Путин.

Стамбулдағы келіссөзден кейін Мәскеудің "арандатуға" ұшырағанын айтқан Ресей президенті бұдан соң бірнеше жүз адам қырылған Украинаның Буча қаласындағы қырғын туралы айтқан.

Путиннің айтуынша, дәл осы жағдай екі ел арасындағы келіссөздерге "бөгет" болған. Ресей басшысының сөзінше, Украина әуелі Донбасс пен Қырым мәселелерін ерекше бөлмей-ақ талқылауға дайын болған, бірақ Бучадағы жағдайдан кейін оларды талқылаудан мүлде бас тартқан.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Түркияның екі ел басшыларының келіссөзін ұйымдастыру ниетін қолдап, сонымен бірге гуманитарлық дәліз бойынша БҰҰ-Ресей-Украина байланыс тобын құруды ұсынды.

Атап айтқанда, Гутерриш Мариупольде "Азовсталь" зауытындағы адамдарды эвакуациялау мәселесін шешуді ұсынды. БҰҰ бас хатшысы кеңсесінің ақпаратына сәйкес, Ресей президенті зауыт аумағында қалған бейбіт азаматтарды эвакуациялау үшін Қызыл крест және БҰҰ-ны тартуға келіскен.

Владимир Путин Мариупольде әскери қимылдар тоқтағанын, 1300-ден астам украин әскері тұтқынға түскенін, Ресейдің араласуымен Мариупольден 140 мың тұрғын эвакуацияланғанын айтқан.

Гутерриш келіссөз кезінде Ресейдің Украинадағы әрекетін суверенді елге басып кіру деп атады. Ал Путин Украинаға басып кіруге "мәжбүр" болғанын, Украина билігінің кесірінен Донбасс тұрғындары "оқшауланып қалғанын" айтқан.

Бұл Ресей Украинаға басып кіргелі бері БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің Мәскеуге алғашқы сапары. 26 сәуірде Гутерриш Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавропен де кездескен.

БҰҰ бас хатшысы Мәскеуден Киевке аттанады. Оның сапарын Мәскеуден бастауын Украина президенті Владимир Зеленский сынады. Зеленский БҰҰ бас хатшысы әуелі Ресей әскері қиратқан украин қалаларын көріп, одан кейін Мәскеуге баруы тиіс еді деп санайды.

27 сәуір 2022, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.