Атырау, 10 қазан 15:27
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Үлкен айырмашылық

2 314 просмотра

Атыраулықтар, әдетте, бағаны тұрақтандыру үшін бюджет қаржысына сатып алынған картоптар сатылатын сауда нүктелерінің сөрелерін айналып өтеді. Оларды келісін 64 теңгеден сататын бағасы да қызықтырмайды. 

Бұл картопқа қарап қарның ашады – ұсақ, бүршіктері көп. Мұндай картопты тазартсаң, ештеңесі де қалмайды. Неге бұлай деген сауалдың жауабын іздеген едік.

Алаңы 7600 шаршы метр болатын 10 мың тонна азық-түлік өнімдеріне арналған көкөніс қоймасын басқаратын «Атырау Агро Сервис» ЖШС кеңсесіне ескертусіз бардық. Дегенмен де, ЖШС директоры Асқар БИСЕНОВ кідіртпестен бізді көкөніс қоймасына апарды. Цехтардың бірінде пияз бен картоп сұрыпталып жатыр екен. Шынымен де, көкөніс қоймасынан көрген картоп тұрақтылық қорының баға көрсеткішінің астында жатқан картопқа қарағанда әжептәуір ажарлы көрінді. Картоптар ірі, тегіс, үсімеген және шірімеген. Сол жерде орналасқан жәшікке жұмысшылар бұзылған көкөністерді лақтырып жатыр. Саттыққа жіберілетін қапшықтарға біздің көзімізше сапалы өнімдерді салып жатты.

Басқа орынжайда жұмысшылар апталық қалалық жәрмеңке үшін картопты іріктеп, шағын торларға салып жатты.

- Сауда нүктелерінде тегін берсе де алғың келмейтін картоп қайдан пайда болады?

- Бұлай болуы мүмкін емес! – деп наразылық білдірді А. Бисенов, - Біз көкөніс сақтау орнынан жақсы өнімдер жібереміз. Сіздер жаңа ғана бәрін өз көздеріңізбен көрдіңіздер ғой.

- Бәлкім, базарға барғаннан кейін ауыстырып жіберетін шығар? Жақсы өнімді саудагерлер анағұрлым жоғары бағамен сатып, тұрақтылық қорынан келетін картоптың орнына өздерінің жарамсыз өнімдерін сататын шығар?

- Өткен жылы осындай фактілер орын алған еді. Биыл өз сатушыларымызды қойдық, тауарларды ауыстыру мүмкін емес!

Дегенмен, айырмашылығы көзге ұрып тұр...

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.