Атырау, 5 желтоқсан 08:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда түнде жағымсыз иіс шықты

2 126 рет қаралды

Бүгін түнде терезелерін ашып ұйықтаған Атырау тұрғындарының көпшілігі тұншықтырған иістен оянды. Таңертең олар бастары ауырып, жүректері айнығанын сезінді.

Қалалықтар босқа алаңдамапты – Қазгидромет сайтында көрсеткіштері жарияланған ауа сапасын бақылайтын 15 станция күкіртсутегінің (H2S) жоғары деңгейін және шамадан тыс екенін растады. Авангардтағы №113, Жилгородоктағы №111, әкімдік жанындағы №112 мониторинг және ауаны бақылау станциялары (МАБС), Мирный МАБС, Құрсай ықшамауданындағы №5 ластануды бақылау пункті күкіртсутегінің «жоғары» деңгейін; қаланың басқа жерлерінде, дәлірек айтқанда, Перетаскада, Восток ықшамауданында, Химпоселкеде, Привокзальныйда, Нұрсаяда – «шамадан тыс» екенін көрсетті. Бұдан басқа, Береке өнеркәсіптік аймағы аумағында көміртек монооксидінің жоғары деңгейі байқалды.

Экология департаменті кейінірек комментарий беруге уәде берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 сәуір 2022, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.