Атырау, 5 қазан 15:19
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер басталды

2 694 просмотра

Келіссөздер 27 ақпанға дейін созылады. Оған БҰҰ-ға 5 тұрақты мүше-мемлекет (Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания), сондай-ақ Иран Ислам республикасының, Германия және ЕО елдерінің өкілдері қатысады. Қазақстан оның қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді келісімге келеді деп үміттенеді.

Еуропалық Одақ делегациясын ЕО-ның сыртқы істері мен саяси қауіпсіздігі жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон басқарды. Ұлыбританияның дипломатиялық тарабын СІМ-нің саяси мәселелері бойынша департаментінің директоры Саймон Гасс басқарды. Келіссөздерге Германия тарапынан СІМ-нің саяси мәселелері бойынша директоры Ханс-Дитер Лукас қатысады. Қытай делегациясын елдің сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй басқарып келді.

Сондай-ақ, шараға РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков та қатысуда. Келіссөздерде АҚШ-тың атынан елдің мемлекеттік хатшысының саяси мәселелері бойынша орынбасары Уэнди Шерман сөйлейді. Өкілетті кеңесші, Франция СІМ-нің саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша бас директоры Жак Одибер француздық тарапты басқарып келді. Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сайид Джалили ирандық тарапты таныстырады.

2012 жылы «алтылық» өкілдері мен Тегеран келіссөздердің үш сатысын өткізген болатын – Ыстамбұлда (14 сәуір), Бағдатта (23-24 мамыр) және Мәскеуде (18-19 маусым). Бұл кездесулердің барлығы қандай да бір тоқетер шешімсіз аяқталды. Бұған дейін «алтылық» пен Иран келіссөздері бір жылдан астам уақыт өткізілмеген болатын. АҚШ пен бірқатар Батыс елдері мен Израиль бейбіт атом бағдарламасынан жасырын түрде ядролық қару дайындауда деп айыптайды. Ал Тегеран болса, оның атом бағдарламасы елдің электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыруға ғана бағытталғанын айтуда.

Сонау 90-жылдарда ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан адамзат қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір ядролық бағдарламалары бар немесе оларды дайындайтын елдердің ядролық қарусыздануын жақтайды.

Дереккөз: bnews.kz

26 ақпан 2013, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.