Атырау, 25 қараша 10:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Апатты үйлер әлегі

3 468 просмотра

Наубетов көшесіндегі күрелген екі қатарлы №77а ескі үйдің (барлығы 16 пәтер) тұрғындары оғаш жағдайға тап болды. Екі жыл бұрын оларға Нұрсая ықшамауданы №29 жаңа үйден пәтерлер берілген болатын, алайда бүгінге дейін қолдарында құқық белгілейтін құжаттары жоқ.

КҮМӘНДІ ҮЙ

Осы тұрғындардың жазбаша хатына қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ былай түсінік береді:

- Баршаңызға белгілі, Наубетов көшесі №77 үйдің тұрғындары үйдің апаттылығына байланысты Нұрсая ықшамауданындағы кері қолданысқа берілген №29 үйге көшірілді. Барлық көшіп келгендерге қоныстану ордерлері берілді. Алайда, аталған үй Атырау облыстық әділет департаментінде тіркелмегендіктен, бүгінгі күні тұрғындарға меншік құқығы туралы шарттарды беру мүмкін болмай отыр. Бұл мәселе тікелей бақылауға алынды.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВПЕН әңгімеден кейін үй неге облыстық әділет департаментінде тіркелмегендігін анықтаудың сәті түсті:

- Қаржы полициясы сол жерде тексеру жүргізіп жатқандықтан, - депқысқа жауап берді Қарағаев.

Біздің түсінуімізше, тексеру қазіргі уақытта тергеліп жатқан Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтың қызметтен кетуінен кейін көтерілген атышулы жемқорлық қылмыстық істерге байланысты.

 

МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖ ЕМЕС...

Нұрсаядағы жаңа үй тіркелгеннен кейін тұрғындар өз пәтерлеріне құқық беретін құжаттарға қол жеткізе ала ма? Әлбетте, бұл уақыт шешетін мәселе. Соңынан тұрғындардың бұл пәтерлерді жекешелендіріп алатындары да белгілі. Алайда бәрі емес. Нәубетов көшесі №77а апатты үйінен көшіп келген 16 отбасы үшін қиындықтар туындайды.

Бұл туралы Қарағаев былай дейді:

- Мемлекеттік бағдарлама бойынша апатты үйлерден көшірілген тұрғындар Тұрғын үй қатынастары туралы заңның негізінде,  егер олардың апатты (күрелген) үйлері орналасқан жер мемлекеттің қажеттілігі үшін пайдаланылмаса,  үйді тегін жекешелендіре алмайды. Бұл мәселені арнайы комиссия қарайды. Егер күрелген үйдің орнына әлеуметтік нысан (мектеп, балабақша және т.б.) салуға болатын болса, онда оларға жаңа пәтерлеріне меншіктік құқық беретін шарттар беріледі, ал егер салынбаса, олар пәтерді мемлекеттен 1 шаршы метрге 90 мың теңге есебімен сатып алуы тиіс. 

 

... АЛ ЕГЕР ҚАЖЕТТІЛІК ПАЙДА БОЛСА?

- Мен неге пәтерді сатып алуым керек? – деп сұрайды Светлана ИБРАГИМОВА (суретте). – Үй күрелер алдында қалалық ТКШ бөлімі маған қағаз берді. Онда біздің үйіміз апатты жағдайда болғандықтан күрелетіні және менің апатты үйдегі 2 бөлмелі пәтерімнің орнына Нұрсая ықшамауданындағы №29 үйдегі 2 бөлмелі №5 пәтер ұсынылатыны туралы айтылған. Ескі пәтерімнің ауданы 33 шаршы метр болатын. Жаңа пәтерім – 31,5. Жаңа пәтерлерді сатып алуымыз керектігі жөнінде бір сөз де болған жоқ. Менің апатты үйдегі көршілерім, негізінен, егде тартқан, зейнеткерлік жасындағы адамдар, мүгедектер де бар. Жақында бір әжей қайтыс болды, ол ақыры жаңа пәтер құжаттарын көре алмастан кетті.

С. Ибрагимова қалалық және облыстық прокуратураға жазбаша арыз жазып, шағымданды.

Ал Қарағаев сілтеме жасап отырған арнайы комиссияның шешіміне келетін болсақ, бұл сот үкімі емес. Қазір емес, алдағы 3-5-10 жылдан кейін апатты үй тұрған бос жерге мемлекет, мәселен, мемлекеттік бағдарлама бойынша бір нәрсе салуға шешім қабылдады делік. Бұл жағдайда осы уақытқа дейін пәтерін сатып алып үлгергендерге ақшаларын қайтара ма екен?

Жауап жоқ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.