Атырау, 25 қараша 10:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астана қорқорға қарсы

1 963 просмотра

Астанада санитарлық дәрігерлер астаналық көңіл көтеретін ойын-сауық орындарында қорқор (кальян) тартуға қарсы науқанды бастады. Шұғыл зерттеу жүргізгеннен кейін қорқор тартудың сигара тартуданда 100 есе зиян екендігі анықталды. Біздің қаламызға келер болсақ, бұған қатысты тек нарколог дәрігерлер ғана алаңдаушылық білдіреді.

Бізге қалалық мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасындағылар хабарлағандай, Атыраудағы кафелердің немесе мейрамханалардың бірде-біреуіндегі қорқорлардың гигиеналық жағдайына да, қоспалар құрамына да тексеру жүргізілмеген.

Алайда, тексеру жүргізілуі тиісті еді, – дейді облыстық наркологиялық диспансердің дәрігер-наркологы Светлана СТРАМОУСОВА. - Қорқор тартушылардың көпшілігі қорқор түтінін темекіге қарағанда зиянсыз деп есептейтінін өз тәжірибемнен білемін. Бірақ бұл - жаңсақтық. Қорқор темекісінде орташа алғанда никотин, көміртек тотығы, ауыр металдар мен зиянды шайырлар сигараға қарағанда анағұрлым көп. Мәселен, көміртек тотығының концентрациясы сигараға қарағанда, қорқор түтінінде 2-3 есе жоғары.

Ылғал салдарынан түтін қорқор тартушының өкпесінде ұзақ уақыт қалып қояды. Қорқор арқылы жұтылатын көмірқышқыл газының мөлшері сигара тартқанға қарағанда әжептәуір көп. Орташа алғанда сигара тартқан кезде 4-7 минут ішінде 10-12 рет ішке тартады. Осы уақыт ішінде сигара тартушының өкпесіне шамамен 0,5 литр түтін түседі. Қорқор бір сағат шамасында тартылады, оны 50-100 рет, ал кейде 200 рет ішке тартады. Оның әрбіреуінде 0,15 - 1литр түтін болады. Бір сағат ішінде бір қорқорды тарту кезінде оны тартушы 100 сигараны тартқанда шығатын көлемдегі түтінді жұтады екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.