Атырау, 27 желтоқсан 04:56
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Күзгі науқан тірлігі

2 633 просмотра

Өткен аптада қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ қалалық актив алдындағы есебінде биыл алаңы 2 га болатын «Жұмағалиев» ЖК жылыжай кешенін және алаңы шамамен 0,5 га болатын «Алаша - Атырау» ЖШС жылыжайын іске қосу жөнінде ақпарат айтылды. Әрине, мұның бәрі шабыттандырады. Алайда неліктен биыл сөрелерде осыдан үш жыл бұрын азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағдарламасының аясында бюджет қаржысына Ардагер ықшамауданында салынған 0,5 га алаңдағы жылыжай көкөністерінің болмауы түсініксіз. Қымбат жабдықтармен жарақталған жарты гектар жер суықтан қорғалған.

Заманауи автоматтандырылған жылыту мен тамшылатып суару жүйесі бар өз жылыжайымыз бола тұра, қала тұрғындарының неліктен осы қыста астрахандық жылыжай қияры мен қызанақтарына қанағаттануға мәжбүр боп отырғанын білмек болдық.

Алғашқы екі жылда жылыжай «Осирис Интра» ЖШС-нің сенімді басқаруында болды. Бұл жерде көкөністер өсіріліп, оларды қала базарлары мен басқа тұтынушыларға жеткізіп отырды. Бірақ 2012 жылдың 20 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің шешімімен жылыжай мен көкөніс сақтау орны «Атырау» ӘКК сенімді басқаруына берілді. Ал «Атырау» ӘКК басшылығы, өз кезегінде, өзінің «Атырау АгроСервис» ЖШС еншілес кәсіпорнына кешенді сеніп тапсырды.

Біз бұл жерге биылғы жылдың 1 ақпанында келдік. Бұған дейін қабылдау-тапсыру процедурасы болды. Бұл жерге келген кезде, жылыжай бос боп тұрды. Неліктен «Осирис Интраның» күзде ештеңе отырғызбағаны бізге беймәлім, - дейді «Атырау АгроСервис» ЖШС директоры Асқар БИСЕНОВ (суретте).

Жылыжай басқарушыларының ауысу себептері туралы ешкім ештеңе білмейді (немесе айтқылары келмейді). «Осирис Интра» ЖШС директоры қоңырауға жауап бермеді. ЖШС басшылығы олардан қазыналық жылыжайды тартып алатынын біліп, өткен күзде ештеңе отырғызбағандай әсер қалдырды.

– Бірақ «Осирис Интра» ЖШС кезінде жылыжайда жұмыс істеген барлық мамандарды тәжірибелері мол, бағалы кадрлар болғандықтан, жұмыс істеуге қалдырғанымызды атап өткім келеді, - дейді Бисенов. – Сонымен қатар, көкөністерді отырғызу және өнімдерді болжау бойынша өз есептеулерімізді жасап, «Атырау» ӘКК-не мақұлдатуға жібердік. Қазір қыстың ортасында біздің жылыжайымызға сондай қиярды отырғызу экономикалық тұрғыда тиімсіз екенін ғана айта аламын. Әзірге біздің жылыжай өнімдеріміз піскенше, базарларда егісте өскен өзбектің және Шымкенттің жаңа өнімдері пайда болады. Жылыжай көшеттері үшін ең қолайлы уақыт – қыркүйек. Сол кезде қарашада алғашқы өнімді жинап, оңтүстіктің ашық плантациясының арзан өнімдерімен бәсекелестікте ұтылмас едік.

«Атырау» ӘКК-дегілер қазір өз көкөністерін отырғызу экономикалық тұрғыда тиімсіз екендігін растады. 

Дегенмен де, жылыжай шаруашылығы жаңа басшылығының оптимистік жоспары бар. Олар келесі маусымда жылыжай атыздарынан 130 тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.