Атырау, 10 желтоқсан 22:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Балаларға арналған әділ сот

6 248 просмотра

– Өз баласына алимент төлемес үшін әкесі процесс кезінде одан ресми түрде бас тартатындығын мәлімдеп отыр, - дейді сот отырысынан жаңа ғана шыққан кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Атырау мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымыБалтуған ФАЙЗУЛЛИНА (суретте) кейісті үнмен. – Біздің тәжірибемізде, өкінішке орай, мұндай жағдайлар орын алып тұрады.

БІРІНШІ ОРЫНДА – ҰРЛЫҚ

Ювеналдық сот Атырауда өткен жылдың 1 шілдесінен бері жұмыс істейді. Оның құзырында - тараптардың бірі кәмелетке толмағандар боп табылатын әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бар. Бұл жерде жасөспірімдерді қылмыс жасады деп айыптау жөніндегі, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған тұлғаларды айыптау жөніндегі қылмыстық істер; әкімшілік істер (қоғамдық орындарда жасөспірімдердің мас күйде жүруі, түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда болуы және т.б.); өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісті атқармайтын ата-аналардың істері; ата-аналары ажырасқаннан кейін кәмелетке толмағандардың мекен-жайын анықтау жөніндегі даулар, ата-аналық құқықтарынан айыру және қалпына келтіру туралы, асырап алу және т.б. туралы азаматтық істер қаралады.

– Біздің басты мақсатымыз – шалыс басқан жасөспірімді жазалау емес, оған қателігін түзеуге мүмкіндік беру, - дейді Б. Файзуллина.

– Кәмелетке толмағандар көбінесе қандай қылмыстар жасайды?

– Өткен жылы біз 32 жасөспірімге қатысты 20 қылмыстық істі қарадық. Көбі ұрлық, содан кейін тонау, бұзақылық қылмыстары. Денсаулыққа қасақана ауыр зардап тигізу жөнінде бір және лаңкестік фактісі туралы жалған хабарлау жөнінде бір іс болды.

– Қоғамда мұның бәрі берекетсіз отбасынан шыққан балалардың еншісіндегі құбылыс деген пікір қалыптасқан...

– Олай емес. Айыптылар орындығында ауқатты отбасынан шыққан жасөспірімдер де жеткілікті. Нәзік жандылар да кездеседі. Мәселен, өткен жылы бізде колледжде оқитын 17 жасар қыз баланың ісі қаралды. Ол сол колледжде оқитын басқа қыздардан ұялы телефондарын, әшекейлерін, ақшаларын қорқытып алып қоятын болған. Жапа шегушілердің бірінің ата-анасы полицияға хабарласқан. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сол кезде тараптар ымыраға келгендіктен, іс тоқтатылды.

 

СОТТА ӨЗІН ДӨРЕКІ ҰСТАДЫ

– Сіз бастысы жаза емес дедіңіз. Бірақ  бәрін кешіре беру керек деген сөз емес. Әйтпесе, жазаланбайтынын сезінген жасөспірім заңды қайта-қайта бұза береді ғой.

– Бұл жерде жеке жұмыс жасау өте маңызды. Екі мысал келтірейін. Біз денсаулыққа қасақана ауыр зардап тигізу фактісі бойынша іс қараған едік. Екі топтағы жастар арасында жаппай төбелес болған. Сол кезде 17 жастағы сотталушы өз қарсыласына пышақ жарақатын салады. Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындап, оған 2 жылға бас бостандығынан шектеу жөнінде жаза тағайындалды. Бұл уақытта оның мекенжайын өзгертуге, басқа қалаға кетуге, көңіл көтеру орындарына баруға және т.б. құқығы жоқ. Әрі қарайғы өмірі туралы ойлануға уақыты бар.

Ал 17 жастағы тағы бір жасөспірімге қатысты тонау туралы істе оған бас бостандығын айыру жазасы берілді. Оның бұрын да тонау қылмысын жасағаны үшін істі болғаны және сотта өзін дөрекі ұстағаны да рөл ойнады.

Ювеналдық судья бірде бір нәрсені қапы жібермеуі керек. Жасөспірімнің қандай отбасында тәрбиеленіп, қандай жағдайда өмір сүріп жатқаны, мектепте мінездемесі қандай екені, достарының ол туралы не айтатыны - бәрі де ескерілуі қажет. Көбінесе айыпталушылармен жұмыс жасағанда психолог та көмекке келіп, барлық жағдай анықталады. Өткен жылы кәмелетке толмаған 18 тұлғаға қатысты шешім шығарылды: біріне бас бостандығынан айыруға, 10-ына – бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, үшеуі шартты түрде сотталып, төртеуі жауапкершіліктен босатылды.

 

ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

– Менің білуімше, медиаторлардың көмегімен тараптардың ымыраласуы нәтижесінде бірнеше іс тоқтатылды.

– Медиаторлармен жұмыс арқасында өткен жылы бізде 5 іс тоқтатылды. Сот тараптарға ымыраласуды міндеттей алмайды, бірақ қылмыстық болсын, азаматтық болсын, кез келген істе тараптарға медиаторға баруды ұсынамыз. Көбінесе олар ымыраласып жатады.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында күрделі процесс болған еді. Олар ажырасқаннан кейін балаларын бөлісе алмады. Тек бір-біріне ғана емес, кішкентай балаларына да кері әсер етті. Содан кейін ата-аналары медиаторға барғаннан кейін, дау шешіліп, балалары зардап шеккен ұзаққа созылған тартыстың нүктесі қойылды.

«АЖ» анықтамасы:

ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап АҚШ-тағы Бостон қаласының азаматтары Кук пен Аугустус тура жолға түсуге икемді кәмелетке толмағандарға жаза қолданбай, қорғаншылық қадағалау органдарының бақылауына тапсыруды судьяларға ұсына бастады. 1899 жылдың жазында АҚШ-та Чикагода Иллинойс штатының «Тастанды, қараусыз және заңды бұзған балалар туралы және оларды бақылауға алу туралы» заңның негізінде алғашқы балалар соты құрылды. Кейінірек ювеналдық заң идеясы Ұлыбританияда дами бастады. Мұнда 1908 жылы балалар мен жастар туралы заңдар сериясы қабылданды. Францияда алғашқы ювеналдық сот 1914 жылы АҚШ тәжірибесінің негізінде құрылды.

– Әңгіме басында алимент төлемес үшін баласынан бас тартқан әкеге қатты реніш білдіріп едіңіз. Алимент төлемеуге қатысты мәселелер қазір өткір күйде шығар?

– Иә, солай. Өз баласын материалдық қамтамасыз етуге қатыспас үшін ер адамдар түрлі айлаға барады. ҚР ҚК-нің 136-бабы бойынша алиментті төлеуден қасақана жалтарғаны үшін айыппұлдар, түзеу жұмыстары, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу секілді жазалар қарастырылған. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл «жалтарушыларды» қорқытпайды. Жазаны күшейту керек деп есептеймін. Ата-аналары бір шаңырақ астында тұра алмаса, оған сәби кінәлі емес қой.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.