Атырау, 25 қараша 10:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Несиеқорлық - атыраулық дерт

1 880 просмотра

Сарапшылардың әлемдік дағдарыстың екінші толқыны туралы көңілсіз болжамдарына қарамастан, халқымыз өз ұстанымдарынан таяр емес: олар банкке ақша салуға асықпай, ойланбастан несие алуларын жалғастыруда.

Егер әр қазақстандыққа шаққанда банк депозиттеріндегі ақша 174 мың теңге болса, Атырау облысында бұл сан одан да төмен – 118 мың-ақ теңге. Қарыз алуда жағдай керісінше, әр қазақстандықта орташа 97 мың болса, әр атыраулық мойнында 134,1 мың теңге «ілініп» тұр. 57,1 млрд теңге тұтынушылар несиесіне, яғни, тұрмыстық техникалар, автокөліктерге ие болып, той жасауға алынған. Бұл жерде ескеретін бір жайт, «жедел» несиелер пайызы өте жоғары болып келеді.

- Психологтардың пайымдауынша, бүгінде «несиеқорлық» құбылысы жиі кездеседі, адамдар бір несиені әупірімдеп жапқан бойда екінші несие ресімдейді, осылайша қарыздану жалғаса береді,- дейді «Қазақстан Ұлттық банкі» Атырау филиалының бастығы Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ.

Банкирлер бұл істегі бір жағымды жағдай - кәсіпкерлердің айналым қаражаттарын артыру мақсатында несие алып жатқандарын атап өтті, мәселен, 2011 жылы ЕДБ осы мақсатта 64,1 млрд теңге берсе, 2012 жылы 92,6 млрд теңге несиеленген, яғни, 144,5%-ға өскен. Ал лизингке бір тиын да алынбаған екен. Бұл сомалардың 90%-ы шағын және орта бизнес үлесінде екен. Біздің өңірде ірі бизнес несиеленбейді. Төлеу мерзімі асып кеткен қарыздар облысымызда небары 0,6%-ды құрайды және бұл жақсы көрсеткіш болып есептеледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.