Бір апта бұрын «АЖ» облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен Атыраудың сол жағалауындағы қыркүйекте уәде етілген кәріздік-тазарту қондырғысының (КТҚ) қашан іске қосылатынын сұрады. Ал 28 қыркүйекте әлеуметтік желіден құрылыстың аяқталғанын және жабдықты іске қосу бірнеше күннің мәселесі екенін білдік.
Сәл кейін Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады:
- Қазір іске қосу-реттеу жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, нысан 10 күннен кейін пайдалануға беріледі. 28 қыркүйекте сынақпен іске қосу кезінде ол жерге Атырау әкімі келіп, кәріз суларын тазарту нәтижесіне таң қалды. КТҚ-да тазартылған суды техникалық қажеттіліктерге (бетон өндіру, ағаштарды суару, өрт қауіпсіздігі және т.б.) пайдалануға болады.
Еске салсақ, жобалау-сметалық құжаттама 10 жылдан астам уақыт бұрын жасалған, құрылыс тоқтатылып, мердігер ауысып, 2017 жылы бұл «Павлодар өзен порты» АҚ болды. Осы жылдар ішінде бұл нысанға барлығы 18 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Бұдан бұрын «АЖ» КТҚ кешеніне бас кәріз станциясы, тазартылмаған сарқынды сулардың арынды коллекторы, кәріздік тазарту қондырғылары, тазартылған ағын сулар коллекторы, сондай-ақ биологиялық тоғандар мен булану алаңдары бар екенін хабарлады. Жұмыс қуаты тәулігіне 70 мың, максималды қуаты - 100 мың текше метр.
КТҚ іске қосылғаннан кейін көп жылдар бойы қала тұрғындарының наразылығын тудырған қолданыстағы Сасықсай тұндырғысы жабылады.
Айнұр САПАРОВА