Атырау, 5 желтоқсан 07:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тоқаев пен Путиннің қатысуымен өтетін форумда Жайық мәселесі талқыланады

2 508 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 28 және 30 қыркүйекте онлайн форматта ұйымдастырылады.

"Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 2021 жылдың 28 және 30 қыркүйегінде онлайн форматта өтеді. "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбы талқыланады", - деп хабарлады форумның ресми сайты.

Іс-шарада Жайық, Ертіс трансшекаралық су қоймаларының және басқа да ірі өзендер экожүйесін сақтау, биоалуантүрлілік, Каспий итбалығының популяциясы және климат өзгеруі мәселелері талқыланады деп хабарланды. 

27 қыркүйек 2021, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.