Атырау, 23 сәуір 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ауаны бақылау нүктелерінде мәлімет дұрыс бола бермейді

Сурет
2 514 просмотра

Атмосфералық ауаны бақылау станцияларының мәліметі қаншалықты дұрыс? Кейде олардың дұрыстығына күмән туындайды. 21 және 22 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг интерактивті картасынан Атырау нүктелерінің бірінде, сондай-ақ Исатай мен Құрманғазы аудандарында ШРК-ның нормадан асып кеткенін көрдім. Сәл кейінірек метеорологтар бұл мәліметтер шындыққа сай емес, деп жауап берді. Неге бұлай?

21 қыркүйекте сағат 17:00-де Құрманғазы ауданының Құрманғазы (бұрынғы Ганюшкино) және Исатай ауданындағы Жанбай ауылдарында атмосфералық ауаның ластануын бақылау пункттерінде көміртек монооксиді мен күкіртсутек бойынша, ал Жұлдыз ықшамауданында көміртек монооксиді бойынша ШРК-нің нормадан асуы тіркелді. Бірақ 22 қыркүйекте сағат 12-де «Қазгидрометтің» сайтында ластанудың төмен деңгейі, ал күкіртсутек бойынша мүлдем 0 деп көрсетілген.

Неліктен «Қазгидрометтің» интерактивті картасы мен бақылау станцияларындағы деректер әр түрлі? «Қазгидрометтің» жергілікті филиалында бұған станцияларды қайта іске қосу себеп болғанын айтты: «Қайта іске қосқаннан кейін алдымен дұрыс емес деректер шығады, ол бір немесе бір жарым сағатта тұрақталады», деп жауап берді.

Кейінірек «Қазгидромет» қосымша түсініктеме берді:

«Біз AirKZ мобильді қосымшасында неліктен градация шегі 1 ШРК ретінде белгіленгенін, ал ақпараттық бюллетеньде жоғары ластану жағдайы 10 ШРК ретінде белгіленгенін түсіндіру қажет деп санаймыз.

Айырмашылық ақпараттың мақсатына байланысты: AirKZ мобильді қосымшасы мен интерактивті карта тұрғындарға ауа сапасы туралы ақпарат беруге арналған. Қазақстанда санитариялық нормалар бар, онда шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) белгіленген. Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымына сәйкес, нормадан 1 ШРК асса, халық денсаулығына теріс әсер етеді. Сондықтан «Қазгидромет» 1 ШРК-ні мобильді қосымшаны пайдаланушылар елді мекендердің қай нүктесінде ауаның ластануы белгіленген нормадан асатынын білу үшін жоғарғы көрсеткіш критерийі ретінде белгілеген.

Ластану 10 ШРК-дан асқан кезде жағдай сыни деңгейге жетеді, бұл кезде мемлекеттік органдар жедел әрекет ету қажет. Мұндай жағдайларда «Қазгидромет» экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ластану көзін анықтау және оның әсерін жою шараларын алу қажеттігі туралы дабыл қағады.

Тұрғындар осындай тіркелген жағдайлар саны туралы хабардар болу үшін ақпараттық бюллетеньдерде «10 ШРК-дан жоғары ластану жағдайлары» туралы ақпарат жарияланады».

Айнұр САПАРОВА

23 қыркүйек 2021, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.