ZhasCamp бейресми конференциясына қатысушы жастар ұйымдарының желісі ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитетке 2020 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасының жобасына енгізген 120-ға жуық ұсыныстары мен түзетулерін ұсынды.
- Тұжырымдамада жастар саясатын жоспарлау мен жүзеге асыруда жастар ұйымдарын қатыстыру бойынша мемлекеттің жоспарлары жазылмаған, қаржыландыруда ашықтық жоқ, жастардың ҮЕҰ ішінен өкілетті және кеңестік органдар құру қарастырылмаған, - деп атап өтті конференцияға қатысушы Атырау қаласының өкілі, «Қазақстанның жаңа ұрпағы» ҚБ-нің төрағасы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. – Біз жастар саясатын басқару үдерісіне жастарды қатыстыру дұрыс болады деп ойлаймыз. Ал мұнда Тұжырымдама жастарды дамытуға емес, пайдалануға бағытталған сияқты сезімде боласың. Біз нақты қойылған мақсаттар мен міндеттерді – 5 немесе 8 жылдан кейін жастар қандай болуы керектігін көргіміз келеді, сондай-ақ, қандай бағыттармен және қандай қарқынмен алға қарай жылжуымыз керек екенін де білгіміз келеді, - деп сөзін нақтылады Ұлықбек.
Тұжырымдаманы талдау барысында жастар құжатта ең көп қолданылған сөздерді есептеп шығарды: «қамтамасыз ету» (27 рет), «мемлекет міндетті» (23), «жастар міндетті» (22), «құқық» (22), сондай-ақ, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дәйексөздері мен атқарған еңбектері (20). Құжатта сирек қолданылған сөздер: «шараларды жүзеге асыру» (2), «демократия» (2), «күш салу» (2), «ықпал ету» (2), «бақылау» (1).
Барлық түзетулер мен ұсыныстарды жастар ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитетіне, білім және ғылым вице-министріне, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дариға Назарбаеваға, Мұхтар Тінікеевке және Мейрам Бегентаевқа жіберді. Құжат ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында қабылданады деп күтілуде.
Тамара СУХОМЛИНОВА