Атырау, 15 қараша 08:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Екі қолға бір күрек табылады

2 260 просмотра

Алдын ала мәліметтер бойынша, биыл «Аджип ҚКО» компаниясы Солтүстік Каспий жобасындағы дайындық жұмыстарына жұмылдырылған 8 000-дай адамды босатуды жоспарлап отыр. Алдыңғы жылдардың тәжірибесіне сүйенсек, қысқартылғандардың жартысы жергілікті жұмысшылар болуы керек.

2012 ЖЫЛДЫҢ АРИФМЕТИКАСЫ

Естеріңізге салсақ, өткен жылы «Қашаған» және «Болашақ» жобаларынан 3 912 жергілікті жұмысшы босатылды. Облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мәліметтері бойынша, олардың көпшілігі жұмысқа орналасқан.

Өткізілген шаралар нәтижесінде 3 912 атыраулықтың 3 270-і жұмыспен қамтылды, - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира ШАКИРОВА (суретте). - Өткен жылы қысқарған жұмысшылардан қазіргі уақытта 642 адам жұмысқа мұқтаж болып отыр.  

Шакированың айтуынша, жұмысқа орналасу реті былайша көрініс табады: 1 109 адамды Аджип басқа жобаларға ауыстырған, 1 009 адам – өздіктерімен жұмысқа орналасқан. Қалған 1 794 адамның 1 638-і жұмыспен қамту органдарына жүгініп, 800-іжұмысқа орналасқан, 72-сі – жұмысқа мұқтаж емес (біреулер декреттік демалыста, біреулер сырқаттанып қалған және т.б.), 926-сы – жәрдемақы алуға анықтамалар алыпты.

Өткен жылғы мәліметтер 11 ай үшін берілген. Желтоқсанда қысқартылғандар саны тағы 418 адамды  құрады.

Есепке тұру үшін жұмыстан босағандардың бәрі бірдей хабарласа бермейтіндігі басты проблема болып отыр, - дейді Г. Шакирова. – Біз әр ауыл, елді мекендер бойынша электронды база көмегімен өзіміз бақылауға аламыз. Бізге ЖИН енгізсек жеткілікті, бүкіл мәліметтер беріледі. Егер оның әлеуметтік жарналары жоқ болса, демек, ол жұмыс істемейді деген сөз. Егжей-тегжейін анықтаған соң есепке қоямыз. Яғни, адамдар бізде жоғалып кетпейді, олардың өздері бізге келмейді. Ал бізде жұмыссыздықты қысқарту үшін бюджетке көп қаржы салынған. Мәселен, ауылдағы ер адам жұмыссыз отырмайды ғой, біз оны қоғамдық жұмысқа аламыз. Оның жалақысы - 17 мың теңге. Оның әйелін де ресімдейміз, сонда екеуі 34 мың теңге алады. Жұмыс бар болғаны күніне 2 сағаттан болады.

Облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мәліметтері бойынша, жыл сайын қоғамдық жұмыстарға осы мақсаттар үшін 8 000 адам тартылады екен. 2013 жылы 400 млн теңге салынбақ, өткен жылы да осындай мөлшер болыпты.

 

БІЛІКТІЛІК БАҒАСЫ

Мұқтаж жандардың жұмысқа орналасуына келер болсақ (облыстық қамсыздандыру бөлімінің мәліметтері бойынша олар - 642 адам), олар күрделі санатқа жатады.

Жұмысқа орналасуы қиын адамдардың: жүргізушілер, қызмет көрсетуші персоналдар, төменгі дәрежелі жұмысшылардың ғана қалғаны проблема болып отыр, - дейді Шакирова. – Жұмысқа білікті кадрлардың өздері орналасады, негізінен бұлар екі үлкен: ТШО (екінші буынды зауыт) мен Болашақ  жобасына келгендер.

Бірақ қалай болғанда да, жұмыстан босатылғандар үшін жұмыс орындары бар. Аудан әкімдері тиісті жоспар-шаралар дайындаған. Бірақ олар әкімдіктер ұсынған жерлерге бара ма, бұл басқа мәселе. Сіздердің алдарыңызда ғана бұрынғы жұмысында 200 мың теңге алған, ал енді қазір «Синопекке» 80 мың теңгенің жұмысына барғысы келмейтін адам келіп кетіп еді.

 

2013 ЖЫЛ КВОТАСЫ

Атырау облысы үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылға 7 039 шетелдік жұмысшыны тарту квотасын бекітті: І санат бойынша (жетекшілер) – 55 квота, ІІ санат (менеджерлік құрам) – 2 290, ІІІ санат (инженерлік топ) – 4 255, ІV санат бойынша (жұмысшылар) -  439.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.