Атырау, 4 мамыр 10:48
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жан-Поль Бельмондо өмірден озды

1 425 просмотра

Актер Жан-Поль Бельмондо 89 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы актердің адвокатына сілтеме жасаған франциялық баспасөз жазды.

Оның өлімінің себебі нақтыланбады.

Бельмондо 1933 жылы 9 сәуірде дүниеге келген. Кинодағы дебютін 1956 жылы жасаған, бірақ сол кезде ол түскен эпизодтар кесіліп қалған. Актер экранға 1958 жылы шығып, содан бері танымалдығы тек арта берген.

2016 жылы кинематографқа қосқан үлесі үшін "Алтын арыстан" сыйлығын иеленген.


7 қыркүйек 2021, 00:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.