Атырау, 25 қараша 08:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұрыста тұрыс жоқ

2 434 просмотра

Хайырбек ӨТЕПБЕРГЕНОВ (суретте) пен мемлекеттікмашинаға қатысты  мәселе ұзақ сонар жырға айналды: міне, бір жарым жылдан бері жұмыстан заңсыз босатылған ол Фемида табалдырығын тоздыруда, алайда бұл оқиғаның аяқталар түрі жоқ.

КҮРЕСТІҢ СОҢЫ ҚАЙДА АПАРАДЫ

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) Құрманғазы аудандық филиалының бұрынғы басшысы Өтепбергенов біздің бұрынғы мақала кейіпкері болған («АЖ» №30 26.07.12 ж. «Сергелдең» жарияланымын қараңыз).  Естеріңізге салсақ, аудандық ХҚКО-ның бастығы басшылыққа басқарып отырған мекемесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстармен бірнеше қызметтік хат жазады: ғимараттың шатырынан су кеткен, электр желілері әлсіз жалғанған, жұмысқа бөлінген жер ауқымы нормаларға сәйкес келмейді, ал ескірген компьютерлік техника мен дұрыс реттелмеген деректер қоры «ілініп», ашылмайды. Жауап көп уақытқа дейін болмады, бірақ күтпеген жерден соқты: алғашқыда «ауысым кестесін дұрыс құрмағаны үшін» деген екі ұшты тұжырыммен қатаң сөгіс жарияланса, үш ай өткеннен кейін «зал ішіндегі кезектің көптігі» себебімен жұмыстан босатылды. Дәйексөз: «Тексеру барысында филиалда кезек жиі туындап, кеңес берушілер «ХҚКО қызметкерлерінің корпоративтік мәдениеті мен этикасы ережелерін» сақтамайтындығы анықталды. (...) Сондай-ақ, филиал басшысы Х. Өтепбергенов ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі С. Сарсеновтың  қызмет көрсету залдарының бастықтары қызмет көрсету залдарында болуы керек деген тапсырмасын орындамаған».

Өтепбергеновтың шағымымен сот екі бұйрықты да заңсыз деп таныды, ал бірінші инстанциялы қалалық соты жауапкерге талапкерді лауазымына қайта тағайындап, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген күндеріне жалақы төлеуге және моральдық шығындары үшін 50 000 теңге төлеуді міндеттеді. Алайда сот шешімі күшіне енген сәттен бері 10 ай өтсе де, Өтепбергеновте жұмыс та, ақша да жоқ, олардың орнына жаңа сот дауына ие болды.

 

АЛЯГЕР КОМ АЛЯГЕР

Жауапкер өзінің сот шешімін қайта қарау стандартты құқығын пайдаланған, бірақ апелляциялық инстанция оның күшін сақтап қалды. Алайда Азаматтық іс жүргізу кодексінің 237-бабы 2 және 3-тармақтарында лауазымын қалпына келтіру және үш айлық еңбекақысын төлеу «дереу орындалуы» керек деп жазылған сілтемеге қарамастан, сот шешімі орындалмастан қалды. Сот орындаушылары өз жұмыстарын орындаған жоқ, ал жауапкер үш айдан кейін сот шешімін кассациялық инстанцияға жолдады. Бұл жақтан бірінші рет шешімде жасырынып жатқан қателік анықталды. Іс қаралып жатқан кезде жауапкердің мәртебесі өзгеріп кеткен екен.

- Жарғы өзгертілді, енді мені жұмысқа қайта орналастыруға облыстық ХҚКО бастығы Қайрат Қонысов емес, Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ХҚКО қызметтерін үйлестіруге бақылау жасау республикалық комитеті тиіс екен, - дейді Өтепбергенов. - Кассациялық сот істі бірінші инстанциялық сотқа қайтарды, өйткені мұндай өзгерістер енгізуге құзыретті емес.

Бір қарағанда, атауын өзгерте салатын жай ғана іс көрінгенмен, бәрі басқаша болып шықты.

- Сот айтылған кассациялық қателікті іске қосқан жоқ, алдыңғы шешімдегідей менің атыма берілген қатаң сөгіс туралы бұйрықтың күшін жойды, алайда түсініксіз тұжырымдамамен жұмыстан босату туралы бұйрықты заңды деп таныды, - дейді Хайырбек. – Сәйкесінше, менің жұмысымды қалпына келтіру, жалақым мен моральдық шығындарды өтеу туралы шағымымды қанағаттандырмады.

Осы жылдың 22 қаңтарында болған кассациялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Мен бұл кассацияны қарау отырысына қатыстым. Сот қабырғасының сыртында ХҚКО заңгерлерінің бірі бұрынғы жұмыстасына, дос ретінде, «тынышталып, басқа жұмыс іздей беруіне» кеңес беріп жатты. Ол Өтепбергеновтың алға қарай да заңдылыққа қол жеткізуді жалғастырамын деген ниетіне француздың «а la guerre comme а la guerre («ұрыста тұрыс жоқ») мақалымен жауап берді.

«Демос» құқық қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тоғжан ҚИЗАТОВА сотқа бақылаушы ретінде қатысқан:

-Осындай еңбек құқықтарының бұзылуы жағдайлары бюджеттік деп аталатын мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметкерлерде коммерциялық құрылымдарға қарағанда көп кездеседі. Х. Өтепбергеновпен болған оқиға - осының айғағы. Алайда басқаларға қарағанда ол, міне, бір жылдан аса уақыт осы әділетсіздікпен күресіп келе жатыр. Бірінші инстанциялы сот оның шағымын қанағаттандырып, апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырғанда, ол заңды күшіне еніп, баяғыда орындалуы керек еді. Ал мәселе сот орындаушыларының ұзақ уақыт бойы сот шешімін орындау шараларын қабылдамағандықтарынан туындап отыр, бұл уақытта жауапкердің мәртебесі өзгеріп кеткен. Алайда істің нақты жағдайлары бойынша ештеңе өзгерген жоқ қой! Істі кері қарағанда шешімдегі жауапкердің атауын өзгерте қойса жеткілікті еді. Ол ешқайда кеткен жоқ қой, тек басқаша аталады. Сондықтан да шешімнің не үшін өзгертілгені белгісіз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.