Атырау, 25 қараша 08:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қазір 90-жылдары туғандар ауырады»

2 424 просмотра

Облыстық әкімдікте болған брифингте  Атырау облыстықтуберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Жаңабай САҒИЕВ (суретте)облыс бойынша туберкулез ауруыөткен жылдың қорытындысы бойынша 4,9%-ға төмендегені туралы мәлімдеді.

Ол осы көрсеткіштердің жақсаруын тамақтандыруды жақсартумен байланыстырады.

-Бүгінгі күні бір емделушінің орташа тәуліктік ризығы 700 теңге болып белгіленген. Бұл - қымыз бен шұбатты қоспағандағы көрсеткіш, егер осы сусындар бағасын қоссақ, сома 1200 теңгеге дейін көтеріледі. Қазір саумалдың уақыты емес, Исатай мен Махамбет аудандарынан сусындар сәуір мен желтоқсан айлары арасында жеткізіледі.

Дегенмен, жағдай оң қарқын алғанымен, Жылыой (33,4%), Қызылқоға (66,7%), Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарында балалар мен жасөспірімдердің арасында аурудың өсіп келе жатқаны байқалады.

- Жекеленген аудандар бойынша аурушаңдық көрсеткішінің жоғары болуы немен байланысты?

- Барлық аудандарда аурушаңдық ошақтары бар. Көбіне туберкулез ауруы бала тууды жоспарламағаннан да болады – ауылдарда көптеген әйелдер бірнеше жыл қатарынан босанады, соның әсерінен ағзалары әлсіреп, аурушаң болып келеді. Не істеу керек? Тыйым сала алмайсың ғой. Тұмау да әсер етуші фактор болып табылады. Бұл туралы айтуға болмайтын шығар, бірақ мен біздің өңіріміздегі осы аурушаңдықтың ең басты себептерінің бірі - экологиялық ахуалдың нашарлығы деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз қазір манту, БЦЖ болмаған, қаржыландырудың жоқтығынан көптеген алдын алу шаралары қабылданбаған кездердің зардабын шегіп отырмыз. Қазір көбіне сол қиын уақыттарда туылған жасөспірімдер ауыруда. Есімде, 94-97 жылдары ауруханада біз пациенттерге таңғы асқа – шәй, түскі асқа – екінші тағам, кешкі асқа – бірінші тағам беретін едік. Қазір жағдайымыз оңалып келеді, алайда, өкінішке қарай, туберкулез азайды деген сөз - мүлдем жойылды деген емес. Демек, онымен күресу үшін жұмыстар жасалынуы керек. Бүгінгі күнгі бөлініп отырған көп қаражаттың, көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесін тек 4-5 жылдан кейін көреміз, аурушаңдық бірталай төмендейтін болады. Қажетті деңгейде қаржыландыру жалғасын тапса, аурушаңдықтың жалпы көрсеткіштері төмендеп, сәйкесінше, өлім-жітім азаяды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.