«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдағы түзетулер 25 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ төрағалық етуімен өткізілген облыс активінде талқыланды (Б. ІЗМҰХАМБЕТОВ бірнеше өңір басшыларымен бірге сол күні президент қабылдауында болған еді).
ШЕНЕУНІККЕ АРНАЛҒАН БОНУС
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит ІЗБАНОВсело және аудан әкімдерін, барлық мәслихат депутаттарын, басқарма мен департамент басшыларын «А» басқару корпусының кадрлық резервін іріктеу тәртібімен таныстырды.
Ізбановтың айтуынша, 26 наурыздан кейін (түзетулер заңды күшіне енген кезде) мемлекеттік қызметкерлер үш санатқа: саяси; әкімшілік «А» корпусы (басқарушылар); әкімшілік «Б» корпусы (орындаушылар) боп бөлінетін болады. Аймақтық деңгейде «саяси» санатта тек облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары ғана қалады. «А» корпусы екі деңгейден тұрады: республикалық (орталық) және өңірлік. Республикалық деңгейде «А» корпусына облыстық және Алматы мен Астана қалалары әкімдерінің аппарат басшылары, Парламент Мәжілісі мен Сенат аппаратының басшылары, облыстық тәртіптік кеңес төрағалары, қала, аудан әкімдері және т.б. кіреді. Өңірлік «А» деңгейіне жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық департамент басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Реформаға байланысты саяси мемлекеттік қызметкерлердің саны республика бойынша жалпы 8 есеге қысқарады.
-Атырау облысында қазір 95 саяси мемлекеттік қызметкер бар, енді оның 6-уы(облыс әкімі мен 5 орынбасары) қалатын болады.
«А» корпусының еңбекақысы лауазымдық жалақы мен бонустардан тұрады деп жобаланып отыр. Бонустар мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесі мен тиімділік бағасын ескеретін болады. Қазіргі кезде есеп-айырысулар жүргізілуде.
«А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру (500 адам) ҚР президенті жанындағы кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және өңірлік кадрлық комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылатын болады. Іріктеу тестілеу әдісімен өткізіледі. Үміткерлердің заң білімін, мемлекеттік тіл білуін және логикалық ойлау қабілетін және т.б. тексереді. Ізбасовтың айтуынша, Агенттікте таяудағы семинарда басқа кәсіби мерекелердің үлгісі бойынша Мемлекеттік қызметкер күнін 20 маусым деп белгілеуді ұсынған.
ӘКІМДЕРДІ ДЕПУТАТТАР САЙЛАЙДЫ
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ қатысушыларды алдағы әкімдерді сайлау ережелерімен таныстырды.
Өткен жылы президент жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ол ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін әжептәуір кеңейтуі тиіс. Тұжырымдама 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Ибрашевтың айтуынша, 1-кезеңде (2013-2014 ж.ж.) басқарудың төменгі деңгейлерінде қолданыстағы жүйенің әлеуеті кеңейетін болады. 2013 жылдың аяғына дейін аудандық маңыздағы қалаларда(облысымызда мұндай қала Құлсары ғана – С.Т.), селолық окуругтерде, сондай-ақ, селолық округтер құрамына енбейтін ауылдарда әкімдерді сайлауды енгізу жоспарланып отыр. Әкімдерді аудандық мәслихат депутаттары сайлайтын болады.
Жасалынған жобаға (құжат талқылануда) сәйкес, жанама сайлау құқығының негізінде жасырын дауыс беріп, әкімді 4 жыл мерзімге сайлауды; үміткерді ұсынудан бастап, сайлау қорытындысы өткізілгенге дейін сайлау шараларының бүкіл циклін 1 ай ішінде өткізуді; сайлауды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды ұсынады.
Шамамен әкімдердің алғашқы сайлануы биылғы жылдың шілдесіне белгіленген. Сайлау науқаны республика бойынша бір уақытта өткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2013 жылы аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдар мен поселкелердің 2 мыңнан астам әкімдері сайланбақ.
Атырау облысы бойынша, 74 әкім: 1 қала әкімі, 65 ауылдық округтердің әкімдері және 8 поселкелік әкімдер сайлануы тиіс.
Залдан қандай да болмасын ұсыныстар түспеді. Актив бір сағаттан аспады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ