Бұл орталық екі бөлімнен тұрады. Олардың біріншісі - байланыс орталығы. Бір сөзбен айтқанда, ол кәдімгі call-орталықтың қызметін атқарады. Осындағы бірыңғай нөмірге сыртқы экономиканың қатысушыларынан қоңыраулар түсіп отырады. Екіншісі - жедел басқару орталығы. Ол кеден бекеттерін бейнебақылау камералары арқылы тексеріп отыруға арналған арнайы жабдықтармен қамтылған.
«Біз биыл интеллектуалды бейнебақылау жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. ол жүйе кеден бекеттерінде орын алатын заңға қайшы іс-әрекеттерді дер кезінде анықтайтын болады. Мәселен, автокөлік кері бағытқа кетіп бара жатса, немесе көліктер мен адамдар қалыптан тыс көп мөлшерде жиналып қалса, мониторингілік орталыққа дабыл келіп түседі. Одан отырған қызметкерлер сол кезде тиісті шара қолданады», - деді КБК басқарма бастығы Нұрбек Наурызбаев.
Айта кету керек, 20 электрондық өткізу пунктісі, 30 тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйелері, 22 уақытша сақтау қоймалары, 23 көлікті сканерлейтін инспекциялық тексеру кешені және тағы да басқа жүйелер мониторингімен қамтылған.
Дереккөз: inform.kz