Атырау, 25 қараша 06:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қожанасыр мен мұжықтар

2 272 просмотра

Облыс әкімдігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша семинар қызу өтті. Шенеуніктер бүгінгі күні жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар түптеп келгенде пайда әкелетініне жергілікті аграршылардың көздерін жеткізуге тырысты. Ал олар, Қожанасыр секілді сене алмады.

Облыстық әкімдіктің екінші қабатындағы мәжіліс залы лық толды, қатысушылардың көбі – беттерін жел қаққан ауыл шаруашылығымен айналысушы ер адамдар. Олардың басында шешілмеген проблемалар жеткілікті екеніне тағы да куәгер болдық. Арттарынан алып-қашпа әңгімелер ерсе де, олардың жұмыс жасай алатындары және өз кәсіптерін ұнататындары көрініп тұр. Әйтпесе, олардың кейбірі бүгінде, 150-ден 500-ге дейін ірі қара малға ие болмас еді (қазақтарда қой есепке алынбайды).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету бағдарламаларын қаржыландыруға жауапты, бюджеттері ондаған миллиардтармен есептелетін «ҚазАгроФинанс» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жергілікті филиалдарының өкілдері сөз алғанда үлкен дау-дамай туындады.

Аграршылар несиелер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемеге  (12,8%-ға дейін), кепілдік үшін қаладан жылжымайтын мүлік сұрау талаптарына, құжаттар ұзақ уақыт қаралатынына наразылықтарын білдірді. Олар, сондай-ақ, лизингке алынған ауылшаруашылық техникаларын жеткізу шығындары мойындарында екеніне риза емес. Олардың айтуынша, бұл шығындар кейде техника құнының 30%-на дейін жетеді екен.

Атыраулық малшылар ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың жеке шаруашылықтарда 30 сиырға 1 өндіруші-бұқа қатынасын мүлтіксіз сақтау керек деген жаңалығын дұрыс түсіне алмапты. Министрдің пікірінше, бұл жағдайда мал басының тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі. Мал алуға 6  пайыздық мөлшерлемемен 1 млн-нан 20 млн теңгеге дейінгі сомада несие беруді қарастыратын сәйкесінше «Сыбаға» бағдарламасы әзірленді және мұның орындалуына жауапкершілік аудан әкімдеріне жүктелді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Сырым РЫСҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бағдарламаның орындалмағаны үшін Қостанай және Қарағанды облыстарында бірнеше аудан әкімдері орындарынан қағылған.

- Осы жерде тек 5 сиыры бар адамдар да бар. Бұлардың барлығында Еуропадан асыл тұқымды мал әкелетін қаражаттары мен несиеге қоятын кепілдіктері бар деп айта алмаймыз. Мұның бәрі - бос сөз, - деп қатуланды малшылардың бірі.

Диқаншылардың да жағдайлары мәз емес екен. Рысқалиевтың айтуынша, облыс жылына 2 мың тоннаға дейін көкөніс сатып алады екен, бұл - барлық тұтынудың 94%-ы.

- Шындап келгенде, мәселе дұрыс шешілсе, осы көлемді облысымыздың бір ғана ауданы өндіре алады ғой.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.