Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайыесеп комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңесте ІІД жол полициясы басқармасына Сот орындаушылар департаменті салмақты талаптар қойды.
«БАСШЫҢЫЗҒА ЖЕТКІЗІҢІЗ»!
Жол полицейлері өз міндеттеріне ұқыпсыз қарайтындықтан сот орындаушылары өз жұмыстарын жөнді атқара алмайды екен.
Хаттамадағы олар толтырылған мәліметтер шындыққа сай келе бермейді, ал кейде олардың атқару қағаздарында көрсетілген адамдар дерекқорда мүлдем жоқ боп шығады. Өкінішке орай, бұл талаптарға жауап беретін ешкім болмады – капитан шеніндегі жол полициясының жалғыз өкілі бұған комментарий беруге өкілетті емес еді. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының бастығы, әділет полковнигі Болат ТАЗАБЕКОВ (суретте) мұны әріптестеріне деген құрметсіздік деп есептеді:
- Сіздердің басшылығыңыз қайда? Басшылығыңызға жеткізіңіз, алдағы уақытта сұрақтарға нақты жауап бере алатын ең болмағанда орынбасарларын жіберуін өтінемін.
Айтпақшы
Кәсіпкерлердің құқығын мемлекеттік бақылаушы органдар тарапының заңсыз араласуынан қорғау мақсатында Атырау облыстық Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында 27-20-38 сенім телефон нөмірі жұмыс істейді.
Сонымен қатар ұялы байланыс арқылы (SMS – 1012 нөміріне) Комитет органдарында кез келген тексерулердің тіркелгендігі (заңдылығы) туралы ақпаратты тез білуге болады.
Басқа өкілетті органдар – Ішкі істер департаменті, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртпен күрес қызметі, салық департаменті анағұрлым салмақты құрамда болғандықтан, Тазабеков әріптестеріне алдағы уақытта енгізілетін «Шектеу» автоматты жүйесін талқылауды ұсынды. Естеріңізге салсақ, жүйенің бірыңғай дерекқорына әкімшілік айыппұлдар немесе басқа жазалар бойынша борышкерлер туралы мәліметтер шоғырланбақ. Бұл оларға «стоп-карта» шектеу шарасын қолдануға мүмкіндік береді. Мұның сызбасы қарапайым: борышкерге мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік шектеледі. Мәселен, ол рұқсат құжаттарын, қажетті анықтамаларды, үзінді көшірмелерді, лицензияларды ала алмайды, елден шыға алмайды. Несие алуға, басқа банк өнімдеріне, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарға қатысуға қолжетімді болмауы мүмкін. Яғни, мәселен, алимент туралы ұмытса – техникалық тексеруден өтпейді, ал Халыққа қызмет көрсету орталығынан бірде-бір қағаз ала алмайды. Бұл мұқият пайдалануды қажет ететін әжептәуір ауыр құрал, - деп еске түсірді Тазабеков.
- Дерекқорды жаңартуда жеделділік және «Шектеу» жобасын енгізгенде азаматтардың конституциялық құқықтарына нұқсан келмеу үшін барлық өкілетті органдардың әрекеттері толық жөнге салынған болуы керек. Ең бастысы – айыппұл міндеттемесін орындау мәліметтерін уақытында енгізу қажет.
СТН БОЛМАСА, АЙЫППҰЛ ДА ЖОҚ
Кеңесте резидент емес тұлғаларға қатысты мәселе қозғалды. Заң түрінде оларға жаза қолданылады, бірақ іс жүзінде резидент емес тұлғалар бюджетке ақша төлемейді: оларда СТН жоқ, бұл құжат болмаса айыппұлдың көптеген түрі төленбейді. Прокурорлардың айтуынша, резидент еместерге қатысты басшылыққа алынатын Минск конвенциясында реттеуші шаралар жазылмаған – оларды заңды деңгейде енгізу қажет. Қызық, заң шығарушылардың ебедейсіздігінен қазынаға қанша қаржы түспей жатқандығын санап шығуға болар ма екен?
Заң өз азаматтарына қатысты өте айқын жазылған, бірақ ол нашар орындалып жатады.
- Статистикалық мәліметтер мен тексеру нәтижелері көрсетіп отырғандай, өкілетті органдардың қызметіндегі заң бұзушылықтар жүйелік сипатқа ие. Олардың қаулыларының негізгі бөлігі орындалмайды, соның нәтижесінде бюджетке айыппұлдардың жартысы түспейді, - деді кеңесте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының аға прокуроры Сәуле ТӨЛЕГЕНОВА.– 2012 жыл ішінде облыс бойынша 106 мыңнан астам әкімшілік іс қаралды, 11,3 млрд (2011 жылы – 4,7 млрд) теңгеге айыппұл салынып, 6 миллиардтай (2011 жылы – 2 млрд) теңге өндіріліп алынды.
Кеңесте ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемегені үшін жауапкершілікті қарастыратын нормаларды толықтыру туралы ұсыныс жіберуге шешім қабылданды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсіргенЖеңіс ТҰҢҒАТАРОВ