Атырау, 25 қараша 09:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Профессор жетістігі

2 021 просмотра

Атырау мұнай және газ институтының профессоры Дүйсен МҰРЗАҒАЛИЕВ (суретте) өнертапқыштардың жыл сайынғы республикалық «Шапағат» байқауының дипломанты атанды. Ол байқауға мұнай шоғырын іздеудің инновациялық тәсілін ұсынған еді.

Бүгінгі күні белгілі мұнай шоғырын анықтау тәсілдерін екіге бөлуге болады. Біріншісіне терең ұңғымаларды бұрғылау және онда геофизикалық зерттеулер кешенін жүргізуді жатқызады. Екіншісі таяз ұңғымалар сериясын бұрғылап, олардан газ сынамаларын алып, лабораториялық зерттеулер нәтижесі бойынша мұнай барлығы жөнінде қорытынды шығару.

- Бірінші тәсілді қолданғанда мұнайлылық қабатын ашу керек. Екінші тәсілдің де жұмысы ауыр және үлкен қаражатты қажет етеді. Мен инновациялық бағыт ұсындым және оны патенттеп те қойдым, - дейді Д. Мұрзағалиев.– Бұл барлау-іздеу ұңғымаларын бұрғылау үдерісінде көмірсутегі компоненттерінің шоғырлануын анықтау. Көмірсутегі газдарының құрамына экспресс-анализ жасау барысында метаннан, этаннан, пропаннан, бутаннан, пентаннан, гексаннан және сутегіден тұратын шекті көмірсутектердің көлемдік шоғырлануының интервалды, пайыздық құрамын анықтайды. Мұнай шоғырының бар екендігі туралы қорытынды шекті газ тәрізді көмірсутегілердің көлемдік шоғырлануы мен сутегінің көлемдік шоғырлануының ең жоғарғы қайшылықты қарым-қатынасы бойынша шығарылады. Осылайша, мұнай шоғырын табу үшін мұнайлылық қабатын ашудың және бірнеше ұңғыма қазудың қажеті жоқ, бір сынақтық ұңғыма да жеткілікті болады. Барлық зерттеулер сол жерде жүргізіледі және бұл уақыт үнемдеуге, сондай-ақ, анализдердің дәл нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, профессор идеяларын мұнайлы, газды беткейлерді ашуда апатты жағдайларды болжауға да қолдануға болады:

-Барлау-іздеу ұңғымаларын бұрғылау кезінде апаттар көп болады, мәселен, болжанбаған мұнай және газ шоғырын ашу нәтижесінде болатын үлкен апаттар. Менің тәсілім мұнайлы, газды қабат ашылмастан бұрын мұнай, газ шоғырларының интервалдарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда  - хабардар адамға қауіп жоқ. Жағдайға бақылау жасау арқылы апаттарды болжап, алдын алуға болады.

Оныңмұнайлы, газды беткейлерді ашуда апатты жағдайларды болжау тәсілі де «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар байқауында қолдау тауып, мақұлданды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор   

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.