Атырау, 21 қараша 22:19
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Көптоғайлықтарға Қиғаш өзенін пайдалану мүмкіндігі қайтарылды

Бейнежазба
2 936 просмотра

Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алып тасталды. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, Қиғаш өзенінің бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталды.

- 13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мал су ішіп, егін суару үшін өзенге шығу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін кедергі жоқ, - деді М.Мурзиев.

Айнұр САПАРОВА

19 сәуір 2021, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.