Атырау, 11 қараша 03:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Жер алу құпия ма?

2 915 просмотра

«Мемлекеттік органдардың төлем терминалдарын орнату туралы шешімі толық ойластырылмаған шешім боп табылады. Екінші деңгейлі банктер тек 25 мың терминал ғана орната алады. Бұл көлем тіпті бір Алматының өзіне де жетпейді», - деп мәлімдеді Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ Бас прокуратура өткізген кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кезекті бейнеконференцияда. Оған еліміздің барлық облыс прокуратуралары қатысты.

Бұл жолы біздің өңірге қатысты мысалдар келтірілмеді, алайда айтылған проблемалар барлық кәсіпкерлер үшін өзекті еді. Абылай Мырзахметовтің айтуынша, құрылыс лицензиясы қайта ресімделген кезде «терминалдық» жағдайға ұқсас ахуал орын алыпты. Шешімнің өзі дұрыс болғанымен, бұған ақылға сыймайтын уақыт – бар болғаны жарты жыл берілген. Оны тек қоғамдық ұйымдар араласқаннан кейін ғана ұзарту мүмкін болған.

«Атамекенге» жүгінген шағымдарға жасалған талдау баршасы үшін жер қатынастарындағы екі мәселе анағұрлым өзекті боп табылатындығын көрсетті. Біріншісі –  жер учаскелерін алу құқығына нақты тәртіптің жоқтығы. Екіншісі – ақпараттың қолжетімді болмауы. Мәселен, «Атамекен» мамандары қазақстандық елді мекендердің барлық әкімдіктерінің сайттарын қарап шығып, жер телімдерін алу құқығына ие болу тәртібі туралы жадынама тек жалғыз ғана сайтта көрсетілгенін анықтапты. Бұл Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімдігі. Әдетте кәсіпкерлерге белгілі бір мерзім өткеннен кейін ешқандай түсіндірмесіз бас тарту туралы хабарлама жібереді ғой.  

Бас прокуратура әзірге өткен жылдың ресми қорытындысын шығарған жоқ, алайда, ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей КРАВЧЕНКО кейбір цифрларды жария етті. Енді барлық бақылау-қадағалау органдары құқықтық статистика органдарына тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуге міндетті. Тексерудің заңдылығын кәсіпкерлер «Бизнес тірегі» жобасының көмегімен және смс-хабарлама арқылы тексере алады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, кәсіпкерлер құқығын қорғау саласында 2012 жылы 1 200 тексеру жүргізілді, 15 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, 1 040 адам жауапкершілікке тартылған. Тағы бір жаңалық: таяу уақытта бас прокуратурада кәсіпкерлік туралы заңның қолданылуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған бөлім құрылмақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.