Атырау, 23 желтоқсан 12:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады

1 801 рет қаралды

ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды ағымдағы жылғы 23 наурыздан 01 мамыр аралығында облыстың республикалық маңызы бар жолдарында жеке білікке 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк автокөлігінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

ШҚО жолдарында "ҚазАвтоЖол" ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады.

Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқынынан өту кезеңінде және трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты болады.

Шектеулер төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен багажды тасымалдайтын, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды.

Ауыр жүк таситын жүргізушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды құру кезінде мұқият болу керек.

19 наурыз 2021, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.