
Наурызда қазақстандықтар дәстүр бойынша көктемгі жаңару - Наурыз мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Наурыз ұлттық мереке және 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.
Биылғы жылы Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.
Нәтижесінде қазақстандықтар Наурыз мейрамында биыл 5 күн - 20, 21, 22, 23, 24 наурызда (бес күндік жұмыс аптасына қатысты) демалады.
Алты күндік жұмыс аптасына қатыстылардың демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурызға келіп түседі.
Осы жағынан алғанда, қазақстандықтар бес күн демалып, 25 наурызда, бейсенбіде жұмысқа шығады.
В Атырау +2