Атырау, 23 желтоқсан 12:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Jusan Bank пен АТФБанк біріктіріледі

2 222 рет қаралды
Фото: kapital.kz

Jusan Bank пен ATFBank акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында ATFBank пен Jusan Bank-ті біріктіру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

АТФБанктің Jusan банкіне қосылу процесін осы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

ATFBank-ті Jusan Bank-пен біріктіруге рұқсат алу туралы тиісті құжаттар ҚР Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген мерзімде жолданады.

Екі банкті біріктіру барысында АТФБанктің барлық филиалдары мен қызметтері толықтай Jusan банкіне өткенге дейін әдеттегідей жұмыс істей береді, - деп түсіндірді АТФБанк Басқармасының төрағасы Ғалия Маханова.
16 наурыз 2021, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.