Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жуықтады

2 153 просмотра

2021 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда халық саны 18 897,9 мың адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

Оның ішінде қалалықтар –11 169,7мың (59,1%), ауылдықтар –7 728,2мың адам (40,9%).

2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 244,4 мың адамға немесе 1,3% өсті.

2021 жылғы қаңтарда туылғандар саны 34,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 0,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,17 туылғандарды құрады.

Кезеңде қайтыс болғандар саны 12,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 5,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,73 қайтыс болғандарды құрады.

2021жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 241 (2020 жылғы қаңтарда–306) нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны 21,2% азайды. 2021жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,06 (8,90) оқиғаны құрады.

2021 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 57,8% азайып, 79 290 адамды құрады. Елімізден кеткендердің тіркелу саны 43% азайып, 80 199 адамды, көші-қонның айырымы -909 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 81,9% және тиісінше 84,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 19,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Маңғыстау (90 адам) облысында және Нұр-Сұлтан (2 202 адам), Алматы (3 223 адам) және Шымкент (3 060 адам) қалаларында.

16 наурыз 2021, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.