Атырау, 19 мамыр 04:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыдағы ұшақ апаты: аман қалғандардың жағдайы айтылды

1 767 просмотра

Дәрігерлер Алматыда АН-26 әскери ұшағының апатынан аман қалғандардың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазіргі уақытта дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның өмірі үшін күресіп жатыр. Науқастар №4 Қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

"Ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр болды. Екеуіне де стационар мен ведомство медицина қызметі мамандары қалалық консилиум өткізді. Ем шаралары анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жүргізіледі. 15 наурыздағы жағдай бойынша олардың жағдайы әлі де ауыр", - деді №4 ҚКА политравма бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Бұған дейін зардап шеккендердің біреуінің денесін 50 пайыз, екіншісінің денесін 30 пайыз күйік шалғаны хабарланған еді. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін білікті мамандар, бас реаниматолог жұмылды.

Айта кетейік, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ұшақ құлағаны хабарланған еді. Кейін ҰҚК авиациялық қызметіне тиесілі АН-26 екені анықталды. Апатқа ұшыраған әуе кемесінде ҰҚК-нің алты қызметкері болған. Апат салдарынан олардың төртеуі қаза тапты: майор Ғабит Барлықбаев (36 жас), капитан Досжан Баймұратов (35 жас), сержант Евгений Васильков (35 жас) және аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жас).


15 наурыз 2021, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.