Атырау, 19 мамыр 05:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Вакцина қабылдау оразаны бұза ма?

1 597 просмотра

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті, деді ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр.

Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген.

Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.

Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды.

Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеді.

15 наурыз 2021, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.