Атырау, 22 сәуір 02:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды

3 095 рет қаралды

Қазақстанда полиция қызметкерлеріне зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби шеберлігі жоғары. Соған қарамастан 45-55 жасында зейнетке шығып, жұмыстан кетуге мәжбүр. Кейін олар әртүрлі коммерциялық құрылымда жұмыс істейді. Біз бұл мәселені көтеріп жатырмыз және зейнетке шығу жасын да қарастырамыз", - деді Тұрғымбаев Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, майор шеніндегі қызметкерлерге зейнеткерлік жасты 52 жасқа дейін көтеру жоспарланған. Подполковниктер үшін - 55 жас, полковниктер үшін - 58 жас, жоғары басшылық құрам үшін - 63 жасқа дейін.

"Біз әлі де жобаны талқылап жатырмыз. Басқа елдерде зейнет жасы басқаша. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапония, Германияда - 65 жас. Біз бұл мәселені де қарастырамыз", - деді ол.

12 наурыз 2021, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.