Атырау, 24 сәуір 13:10
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бес жылдан кейін аталық үйректі аулауға рұқсат етілді

3 311 просмотра

21 наурызда Атырау облысында аталық үйректі көктемгі аулау маусымы ашылады. Ол 5 сәуірге дейін жалғасады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлім басшысының м.а. Мереке ШАЛҚАРОВ хабарлағандай, Атырау облысының аңшылық шаруашылықтарына бекітілген жерлерде ғана аулауға рұқсат беріледі.

- Аңшылар өрт қауіпсіздігі мен экологиялық талаптарды қатаң сақтауы керек. Тек аталық үйректі аулауға ғана рұқсат етілетінін атап өтемін. Аңшыларда манок (аң мен құстың дыбысын шығаратын аспап – ред. ескертпесі) пен алдап шақыру үшін үйрек болуы керек. Олар болмаса заң бұзушылық болып саналады. Көктемде жұмыртқа басатындықтан, аналықтарды атуға тыйым салынады. Осы тыйымды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге), ал зиянды өтеу үшін тағы 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - дейді М.Шалқаров. - Аналық үйректерді және басқа жабайы құстарды аулау күзде басталады.

Оның айтуынша, көктемгі аң аулауға рұқсат елдегі үйректің көбею динамикасына байланысты беріледі.

Естеріңізге салсақ, осыдан бес жыл бұрын Қазақстанда құс тұмауының, пандемияның және т.б. салдарынан жабайы құстар санының азаюына байланысты оларды көктемгі аулауға мораторий енгізілген болатын.

Айнұр САПАРОВА

4 наурыз 2021, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.