Атырау, 5 қараша 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Базар саудасы заңдастырылуда

2 628 просмотра

Базардағы сауда сөрелері көрер көзге сиреп барады. Жыл басталғаннан бері қала базарларынан резидент емес саудагерлер кетіп жатыр. Күн сайын ресімделетін бір жолғы талондар беруге салынған тыйым күшіне енді.

 

ЖАТЖЕРЛІКТІҢ ТАҒДЫРЫ

Бюджетке жеке табыс салығының төленіп жатқандығын дәлелдейтін арнайы режим – базарлардағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бір жолғы талондарды беру Қазақстанда биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылды. Барлық резидент-жеке тұлғалар жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркеліп, ұсынылған салық режимін таңдауы тиіс болды. Олар үшеу: патент негізіндегі (аударым табыстың 2 пайызын құрайды), жеңілдетілген декларация негізіндегі (табыстың 3 пайызы) және жалпы белгіленген тәртіптегі (ол бойынша аударым 10 пайызды құрайды) режимдер.

Алайда салық департаментінен ығы-жығы болған дүрлігіс байқалмады – шығыс базарына айналудан оны бір ғана талап «құтқарып қалған» еді. ЖК ретінде тіркелу үшін шетелдік азаматтардың Қазақстанда тұруға белгі қағаздары болуы қажет. Қолданыстағы үкіметтік келісім бойынша үш елдің – Тәжікстанның, Белоруссия мен Қырғызстанның азаматтары осы талаптарсыз тіркеле алады.

Атырау облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА:

-  1 қаңтардан бастап резидент емес тұлғалардың базарларда сауда жасауға құқығы жоқ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстан 1100-ден астам тұрақты сауда жасайтын резидент емес тұлғаларды анықтадық. Олар, негізінен, Өзбекстан азаматтары. Ниет білдіргендердің және құқығы барлардың бәрі бізге тіркелді. Деректер бойынша, соңғы жарты жылда ЖК ретінде 509 жеке тұлға тіркелді, олардың барлығы да - резидент. Жыл басынан бері біз заңсыз саудагерлердің кетіп жатқанын байқадық. Дегенмен, күшіне енген ереженің орындалмай жатқанын көрсек те, қандай да болмасын шара ала алмаймыз. Бұл - енді көші-қон полициясының құзырындағы іс.

- Жыл басынан бері салық инспекциясымен және прокуратурамен бірге қала базарлары бойынша рейдтік шаралар жүргізудеміз, - деп түсінік береді ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Руслан ӘДІЛОВ. - ІІД бастығының бұйрығымен жедел алдын алу шаралары бүкіл күнтізбелік айға есептелген. Күн сайын жұмыс жасайтын боламыз.

Тексеру қорытындылары бойынша заңсыз сауда жасайтын резидент емес тұлғаларды сот әкімшілік жауапкершілікке тартады (айыппұл салынады).

Қайта ұсталса, Әділовтің айтуынша, олар «мекендеу мақсаты сай болмауына» байланысты елден шығарылады:

- Олар мекендеуге рұқсат алу кезінде келу себебіне жеке шаруамен келдім деп жазады. Ал өздері еңбек қызметімен айналысады. Іс жүзінде бұл есепсіз жұмыс, сондықтан заң жобасына заңсыз келушілерге жұмыс орнын ұсынғаны үшін базар қожайындарына жауапкершілік жүктеуді енгізу жөнінде ІІМ-не ұсыныс жаздық. Өйткені, әзірге олардың тарапынан қолдау таба алмай отырмыз, - дейді Әділов. 

 

ЖАСЫРЫН САУДА

Мұндай қолдаудың бола қоюы неғайбыл, өйткені базар қожайындары шығынға ұшырайды. Күн сайын көп пайда түсіріп отырған орындар (ал факт бойынша бос жер - өзбектің және кей кездері қырғыздың жайма саудагерлері шала-шарпы құрастыра салынған сөрелерде ашық аспан астында сауда жасайды) бос қалды. Шетелдік саудагерлердің өздері де табыс табу мүмкіндігінен айырылуды әділетсіздік деп есептейді.

Журналистердің фототүсірілім жасап жатқандығын білген кейбір батылдылары өздеріне тән акцентпен фоторепортерді: «мына жерді де түсір, көрдің бе, ешкім жоқ» деп шақырып жатты. Тыйым салынғанына қарамастан өзбектердің бір бөлігі жүздерін жасырып сауда жасауды жалғастыруда, өнім түрлеріне қатысы жоқ сұрақтар қойыла бастаса, сөренің астарына тығыла қалады. «Ұсақ-түйектердің» аяқ астынан тапшы болуына қатысты қолайсыздықтарға сатып алушылар да шағымданды. Олар: «айтыңызшы, бұрандалы шегелерді, есік топсалары мен қалақшаларды қайдан табамыз» деп редакцияға абыржи қоңырау шалуда...

Сәуегейлік танытпай-ақ қояйын, алайда оларды жұбатуға асығайын - сауда ісі бос тұрғанға шыдамайды. Кезекті уағдаластықтан кейін базардың қайтадан шуға толатынына сенімдімін. Бірақ бұл тағы да жатжерліктердің у-шуы бола ма, әлде бұл орындарға жергілікті саудагерлер ие бола ма, ол бақылаушы органдардың ұстанымындағы мәселе болмақ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.