«Тұмсыққа тірелген коттедж» мақаласы жарыққа шыққаннан кейін («АЖ», №51, 20.12.2012ж.) Мәди КАБЗУЛЬДИНОВ пен оның ата-анаcы редакцияға бұл мақалаға қатысты өз уәждерін айтып хабарласты. Дау-дамайдың қысқаша мазмұнын еске салып кетейік. Редакцияға Сәтпаев көшесі №25 бес қатарлы үйдегі Кабзульдиновтердің көршісі Аделина БРАЖНИКОВА 2011 жылғы тамызда күшіне енген сот қаулысын орындамай жүрген сот орындаушыларының әрекетсіздігіне шағым айта келген.
ЖАУАП ХАТ
Сот Кабзульдиновтер салған құрылыстың (сыйға беру құқығымен туысқаны Д. РАЙЫМҚҰЛОВАҒА тиесілі) бір бөлігін бұзуға үкім шығарған болатын – көрші лоджиясы аумағына 65 см кіріп кеткені анықталды. Шағым Сот актілерін орындау департаментіне тікелей қатысты болғандықтан, редакция осы мекемеге сұраныс жіберген болатын және біз материалда солардың ресми жауаптарына сүйендік. Ал жауапкер тұлғаның өкілдері (зейнеткер Талдықорған қаласының тұрғыны) бұл іс бойынша жауапты жақтың көзқарасын білдіруде құқықтары бұзылған деп есептейді. Мәселені анықтауға «АЖ» тілшісі үйлеріне барғанымен, оларды кездестіре алмады. Алайда, біз оларға өз уәждерін айтуға мүмкіндік бердік:
Редакцияға жазған хаттан: «Бүгінгі күні біз барлық сот тараптарын, түрлі тексерулерді – қаржы полициясы, прокуратура, салық және жер инспекциялары, әкімдік және оның барлық бөлімдерінің, ТЖД, санитарлық қызмет және тағы басқа да көптеген органдардың тексеруін басымыздан өткіздік. Сот істерін қарау әлі жалғасып жатса да, Байнекеева ханымның «сот бұзу туралы шешім шығарды» деп тұжырымдауға батылы барған. Иә, бір бөлігін бұзу туралы шешім бар, алайда оны орындауға мүмкіндік жоқ, өйткені жалғаманы толық бұзу туралы үкім шыққан жоқ (...). Байнекееваның «ыңғайсыз жапсырылған», «құрылыс және заңнамалық нормаларды өрескел бұзу», «алданған көршілер» сияқты сөз саптаулары мен туралы оқырмандардың және халықтың жағымсыз пікірлерін тудырды және бұл менің қолданыстағы бизнесіме кері әсерін тигізді».
КОМИССИЯ: МҰНЫҢ БӘРІ ЗАҢСЫЗ. СУДЬЯ: БІР БӨЛІГІ БҰЗЫЛСЫН
Күнделікті қолданысымызда сирек кездесетін «ханым» сөзі, мейлі, осындай мәтін ішінде болса да, көңіліме жаққанмен, өз сөздеріме жауап беруге тиістімін.
Менің материалымда толық бұзылу туралы сөз болған жоқ – үзінді келтірейін: «Сот... көрші лоджиясына 65 см кіріп кеткендігі үшін қабырғаның бір бөлігін бұзуға міндеттеді».
Ал жалпылама сипаттауларға келсек, менің тарапымнан да, жауапкерлер тарапынан да сөз бұйдаға салу артық шығар, олар тек субъективті пікір ғана, өйткені бұл құрылыс нысанының «ыңғайлы» (немесе ыңғайсыз) екенін анықтайтын ресми құжат жоқ.
Мақалада жазылған құрылыс салудағы бұзушылықтар туралы айтсақ, мұнда біз қалалық әкімдік пен сәулет-құрылыс басқармасының арнайы комиссиясының нәтижелеріне сүйендік. Бұл қорытындыда жалғама құрылыс «өз бетімен салынған», «заңсыз» деп аталып, «0,028 га көлемде кондоминиум аумағын заңсыз басып алғаны туралы» сияқты тұжырымдар бар. Сондай-ақ, (үзінді келтірейін): «Сызбалық жобаға сәйкес бір қатарлы орынжайдың орнына екі қатарлы кеңсе және тұрғынжай ғимаратын салған және жалғама құрылыстың биіктігі осы үйдің екінші қатарындағы П. Лопытко пәтері еденінен 80 см биік, сондай-ақ А. Бражникова пәтерінің лоджиясын сырт жағынан 65 см жауып тұр». Сол сияқты қалалық жер қатынастары бөлімінің жер телімін өлшеу нәтижелері туралы қорытындысы бар: «Жалғама құрылыстың нақты көлемі белгіленген көлемнен ұзындығы бойынша үш метрге ұзын».
Ал Мәди Кабзульдинов болса, бұл фактілерді қабылдамай тастаған сот шешіміне сүйенеді. Судья А. МҰҚАНҒАЛИЕВА қалалық сәулет құрылыс бөлімінің талап-арыздарын қанағаттандырмай тастаған еді. Алайда бұл факт мен жазған бұзушылықтар туралы қорытындылардың бар екенін жоққа шығармайды, тіпті, бұлардың негізінде құрылыстың бір бөлігін бұзу туралы сот шешімі шыққан.
КІМ НЕ КӨРСЕ, СОҒАН ҚОЛ ҚОЙҒАН
Алданған көршілер жайында. Бражникова да, Лопытко да «Тұрғын үйге кеңсеге арналған жалғама құрылысын салуға» келісім беру туралы нотариалдық өтінішке қол қоярда болашақ құрылыстың көлемі туралы қате ақпарат алғандарын растап отыр. Олардың барлық арыз-шағымдарында жазылғандай, бұл құрылыстың жай ғана «кіреберіс жалғама» болатынын қайдан алғанын білмеймін, Кабзульдиновтердің маған көрсеткен, көршілер қол қойған барлық келісім алу құжаттарында құрылыс көлемі туралы еш ақпарат жоқ. Жауапкерлер, тіпті, дайын сызбалық жобаны барлық көршілерін аралап, көрсеткенін айтады (жобада екі меншік иесіне тиесілі кеңсе бейнеленген, сол үйде орналасқан «Атыраунефтегаздем» зейнетақы қоры филиалы Кабзульдиновтермен бірігіп, қабырға арқылы кеңселерін кеңейткілері келген – З.Б.). Осы филиалдың директоры Дыбыс АЙДАШЕВА:
- Ия, мен жалғама салуға келісім берерде осы сызбалық жобаны көрдім, - деп растады.
Тек бір сәйкес келмейтін жайт, көршілер келісімі 2009 жылғы шілдеде жиналған, ал сызбалық жоба қыркүйекте бекітілген.
ҰРЫНСАҢ – ҚҰЛАЙДЫ
Бізді, сондай-ақ, жүріп жатқан сот дауына араласты деп айыптады. Алайда, Бражникова бізге барлық кассациялық мерзімдері біткен, күшіне енген сот шешімі бойынша сот орындаушыларына шағымданып келгенін естеріңізге сала кетейін. Бұл жерде сот шешімі бұзылмайды, яғни, орындалуы керек.
Сонымен, бұл неге орындалмайды? Кабзульдиновтер мұны орындаудың техникалық тұрғыдан мүмкін еместігін айтады.
- Олардың (сот орындаушылардың) өкілі сотта: «егер мен осы ғимараттың бір бөлігін бұзсам, ол түгелдей құлайды» деп жыларман болды. Оныкі дұрыс, бізде сарапшының бұл туралы қорытындысы бар, - дейді жауапкердің анасы және өкілі Райхан АҢСАРИЕВА. – Сол сияқты, сот орындаушының егер осындай жағдай болс а, біз олардың департаментінің үстінен сотқа шағым беретінімізді айтқаны да рас.
БҰЗУ НЕМЕСЕ ҚАЛДЫРУ КЕРЕК
Біз Атырауда жұмыс жасайтын заңгерлердің бірінен бұл жағдайға түсінік беруін сұрағанбыз. Оның пікірі мынадай:
- Бұл үтір орны белгісіз классикалық «атуға болмайды ақтауға» оқиғасы. Сот шешімін орындау өте қиын. Тығырыққа тірелу деген сөз. Сот орындаушысы сот шешімін орындаса, құрылыс түгелдей бұзылуы мүмкін, ал бұл үшін жауапкершілік олардың мойнына түседі. Сонымен қатар, жауап берушінің жас ерекшелігіне орай, оны әкімшілік, тіпті осы жағдайға қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тарту да қиын. «Сот шешімін қасақана орындамау» түсінігін дәлелдеу де өте қиын, ал біздің жағдайда 70 жастағы әйел. Аз ғана уақыт ішінде құрылыс иелерінің ауысуларына қарап (Кабзульдинов оны С. Битаевқа берген, ол Д. Райымқұлова атына кері ресімдеп, ал ол өз кезегінде, осы нысан бойынша барлық мүдделеріне өкілдік ету құқығын Кабзульдиновтың анасы Р. Аңсариеваға берген – З.Б.), олар сот дауларының туындауына бұрыннан да дайын болған деп тұжырымдауға болады. Жалпы өте қызық жағдай. Сұрақтар көп, олардың бірі – Жеке меншік актісінің мақсаттық тағайындалымының тұжырымдалуы. Онда «жер телімі мен кеңсесі бар тұрғын пәтерді қолдану үшін» деп жазылған. Бұл жерде түсініксіз жайт: егер кеңсе мен тұрғын жай ауқымы арасында белгіленген шектік жоқ болса, екеуі де бір жер телімінде орналасса, бұл құрылыс бойынша салық қалай есептелмек?
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА