Атырау, 29 наурыз 13:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Бала мен ата-аналарды бір-біріне қарсы қоймақшы". Дау туғызған "Отбасы туралы" заң

2 762 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот.

Нұр-Сұлтанда бір топ әйел «анадан баланы айырмасын» деп ұрандатып, министрліктер үйінің алдына жиналды. Айтуларынша, жаңа «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасының кейбір баптары ата-ана мен баланың құқығын шектейді, үй-ішіне іріткі салады. Күзден бері қоғамда қызу талқыға түскен заң жобасы расында адам құқығына қарама-қайшы ма? Ал, осы заңның жобасын ұсынған депутаттар не дейді? Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.


«Баламызды ешкімге бермейміз, жаңа заң жобасына қарсымыз» деген аналар алдымен, әділет минитсрлігінің алдына жиналды. 10-15 минуттың ішінде әйелдердің қарасы тіпті, көбейді. Ішке кіре сала, министрдің шығуын талап етті.
Алайда, министрлік өкілдері заң жобасына қатысты сұрақты бізге емес, депутаттарға қойыңыздар деді. Аналар, бәрібір «біздің үнімізге министр құлақ ассын» деп тұрып алды.

ЖАННА ІЗМҰХАНОВА, көпбалалы ана:
– Бұл заң баланы ата-анаға, ата-ананы балаға қарсы қою заңы. Ол балаға менің жағдайым келе алмай, планшет или ноутбук сатып алып бере аламасам значить мен жаман анамын, баламды баға алмай отырған ана болып есептелемін.

ФЕРУЗА САПАР, жалғызбасты ана: 

– "Ата-ана" деген статустан айырып, енді бізді жәй ғана "асыраушы" деген статусқа балап жатыр қазір. Не үшін? Біз баланы ешкімге қолшақпар болу үшін туған жоқпыз.

Көпшіліктің шамына тигені «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасындағы 5 баптың 11-ші тармағы. Онда: "адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді болғызбау" деп жазылған. Бұл дегеніңіз баланы бесікке салу, ұлды сүндетке отырғызу секілді әдет-ғұрыптарға тыйым салады дейді жиналғандар. Ал, 9-баптың 10- тармағында ата-анасы баланы ұрып соқса, оны сайттарға салып, барынша тарату керектігі де жазылған жазылған. Бала-шағаңыздың керек-жарағын алып бере алмасаңыз, әйеліңізге немесе балаңызға қол көтерсеңіз жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бұл заңды бірінші оқылымда ат үсті қолдап жібердік дейді. 



БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Сол ауырып тұрған кезде бұл нәрсеге үңіле алмай қап, бірінші оқылымды біздің өзіміз қолдап жібердік, баланың, ананың құқығы бірдей деген не сөз ол? Қарсымын! Қазірдің өзі де қарсымын. Мұндай нәрсенің өтуіне түбегейлі қарсы болып тұрмын.
Ал, осы жаң жобасын ұсынған азаматтың бірі сенатор Мұрат Бақтиярұлы пандемия кезінде онсыз да күнін әрең көріп отырған отбасылардың ішінде бала-шағасы мен әйелін ұратын ерлер көбейді. Анасы әкесінен таяқ жемесін, баласы үлкеннен қорлық көрмесін деп осы заңды ұсындық дейді.

СНХ МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Әрине жақсы жақтары бар. Соның ішінде әсіресе мынау балдарын, әсіресе педофилизмге байланысты күнделікті сабау фактілері қоғам болған соң болады. Психикалық жағынан оған әсер ететін фактілер, екінші жағынан ер азаматтардың әйелдерін сабауы.

АЙБАР ТӨЛЖАНҰЛЫ, Тілші:
– Сенатор Мұрат Бақтиярұлы бұл заң жобасын тағы да өзгертіп, толықтырамыз деп отыр. Түп мақсатымыз "үйдегі ұрыс-керіс пен төбелесті жойып, баланың болашағына балта шаппау. Барынша салт-дәстүрімізге қайшы келтірмейтіндей қыламыз" деп сендірді. Бір сөзбен айтқанда депутаттар аналардың жанайқайын ескере отырып, бұл заңды халықаралық стандартқа жақынырақ қылып қабылдамақ. Қоғамда қызу талқыға түскен заң жобасы мамыр айында қайта қаралады.

19 қаңтар 2021, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.