Атырау, 24 сәуір 11:20
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 700 миллион теңгеден астам шығын келтірген

1 595 просмотра

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 700 миллион теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2016-2020 жылдар аралығында бір топ адамның Қарағанды аумағында жалған шот-фактуралар беру бойынша заңсыз қызметпен айналысқаны анықталды. Тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімдер жасасу және шығындарды жасанды түрде көбейту арқылы салық төлеуден жалтаруға адал емес салық төлеуші-контрагенттерге көмектесу мақсатында 13 кәсіпорын құрғаны анықталды, - деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.

Бұл адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 700 миллион теңгеден асты.

7 күдікті ешқайда кетпеу және дұрыс жүріс-тұрыс туралы қолхатпен уақытша босатылды, ал бір күдіктіге қатысты үй қамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.

2020 жылы 30 желтоқсанда қылмыстық іс сотқа бекітілген айыптау қорытындысымен жолданды.

18 қаңтар 2021, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.