Атырау, 8 наурыз 05:05
 ашықВ Атырау 0
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

"Бомба және террорист" туралы хабар астаналықтардың есін шығарды

655 просмотра

16 қаңтар, сенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы "Тамыз" тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтерлердің бірінде салынған бомба және "террорист ұсталғаны" туралы хабар тарады. Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан видео жіберді. 

"Көрші үйде бомба салынған. Бәрін эвакуациялады. Бір террорист ұсталды, қалғанын таба алмай жатыр. Есік алды полицейлерге толы. Адам көп. Он жыл ішінде мұндай ешқашан болған емес", - дейді кадр сыртындағы дауыс. 

Артынша жарылғыш құрал туралы ақпарат тарағаннан кейін тұрғындар эвакуацияланғаны белгілі болды. Ақпарат жалған болып шыққан, бомба табылмады. Толығырақ түсініктеме кейінірек беріледі. 

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 22.03-те 102-ге тұрғын үйлердің бірінде бомба салынғаны туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері келіп, 60-қа жуық адамды эвакуациялаған, жарылғыш құрал табылмады. 

"Күдікті ұсталды. Куәландыру нәтижелері бойынша ол мас болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. 


18 қаңтар, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.