Атырау, 8 наурыз 05:15
 ашықВ Атырау 0
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

"Ақ жол" мен ҚХП Маминнің кандидатурасын қолдаудан бас тартты: Тоқаевтың реакциясы

1 454 просмотра

"Ақ жол" партиясы мен Қазақстан Халық партиясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Асқар Маминді премьер-министр етіп тағайындау туралы ұсынысын қолдамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Халық партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыровтың айтуынша, халықпен кездесулерде қазақстандықтар "президенттің тапсырмалары баяу орындалып жатқанына" наразылық білдіре бастаған.

"Біздің халқымыз өте шыдамды және мейірімді. Егер сіз (Тоқаев) сияқты бәрін ашық айтса, адамдар бәрін түсінеді, бірақ, өкінішке қарай, үкімет мұны түсінбеді. Үкімет тиімді табыс тауып, халыққа сенім ұялататын жүйе құра алмады. Пандемия және шикізат бағасының құлдырауы халықтың табысының төмендеуіне әкелді. Азаматтар өз кірістерінің 50% -дан астамын тек азық-түлікке жұмсай бастады, ЕАЭО ішінде оолардың бағасы Қазақстанда ең жоғары болды. Үкімет, жай ғана, статистиканы түзете бастады. Мұны халық шынымен ұнатпайды, Бұл халыққа ұнамайды, өйткені сандармен қарын тойдырмайсың, балаларды тамақтандырмайсың, несие төлемейсің", - деді Қоңыров мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжілісмен президентке Қазақстанның Халық партиясының мәжілістегі және мәслихаттардағы депутаттары үкімет пен әкімдер қарапайым адамдардың сөзін естуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде берді.

"Президент мырза, бүгін Қазақстанның Халық партиясының фракциясы, өкінішке қарай, сіздің премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Маминді, оның министрлер кабинетінің мүшелерін сақтап қалу туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беруден қалыс қалады", - деді Айқын Қоңыров.

Сонымен қатар "Ақ жол" партиясының мәжілістегі депутаттары да Маминнің кандидатурасын қолдаудан бас тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған екі партияның премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасына дауыс беруден қалыс қалуына түсініктеме берді.

"Шын мәнінде өте қызық талқылау болды. Пікірталас өте ашық, анық әрі айқын болды. Сондықтан ризашылығымды білдіремін. "Ақ жол" партиясы мен Қазақсан Халық партиясы дауыс беру кезінде қалыс қалды, қалыс қалу – ол қарсы дауыс емес. Қалыс қалу - бұл мемлекет басшысының айтқанына қайшы келмейтін ұстаным.  

Асқар Ұзақбайұлын шын жүректен құттықтаймын! Сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан жұмысыңыз мардымды, табысты, жемісті бола берсін", - деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Мамин қайтадан премьер-министр қызметіне тағайындалды.

15 қаңтар, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.