Атырау, 16 сәуір 20:30
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Дариға Назарбаева депутаттық куәлігін алуға келді

2 028 просмотра

Орталық сайлау комиссияның төрағасы Берік Имашев жаңадан сайланған депутаттардың куәліктерін тапсырды. Мәжілісменнің омырауға тағатын белгісін Дариға Назарбаева да алды, деп хабарлайды Sputnik.

Бүгінгі шараға біраз адам жиналды. Жаңадан сайланған депутаттар мен комиссия мүшелерінен бөлек бұқаралық ақпарат өкілдері де болды. Осыған байланысты қатаң сақтық шаралары қолға алынды. Сенаттың экс-төрағасы Дариға Назарбаева да барлық санитарлық талапты сақтады. Ал қара түсті бетпердесінде "Spread Love Not Virus" (Вирус емес - махаббат таратыңыз") деген жазу бар.

Комиссия төрағасы әрбір депутаттың куәлігі мен белгісін өзі тапсырды. Берік Имашев қолғаппен болды. Ешкіммен қол алысқан жоқ. Оның орнына әрбіреуін шынтақ тигізу арқылы құттықтады. 

Ал Азат Перуашев пен Нұрлан Нығматулин жұдырық түйістіріп амандасты.

14 қаңтар 2021, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.