Атырау, 24 желтоқсан 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

"СК-Фармация"экс-басшысының ісі сотқа жолданады

1 732 рет қаралды

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісін сотқа жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазірдің өзінде іспен танысып жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады. Тергеу аяқталды, - деді агенттік басшысы.

"СК-Фармация" экс-басшысына қандай жаза кесілетінін, Шпекбаевтың айтуынша, сот анықтайды.

- Демек, ол қазірдің өзінде кінәлі деп танылған ба? - деп сұрады журналистер.

Иә, ол қазірдің өзінде ... іспен танысып жатыр, адвокаттар бірқатар сауалды алға тартты. Ең бастысы, тергеу аяқталды. Іспен танысу жақын күндері аяқталуы керек. Содан соң іс сотқа жіберіледі, - деп жауап берді Шпекбаев.

Ол бастапқыда "СК-Фармация" экс-басшысына қызметтік міндеттерін асыра пайдаланды деген айып тағылғанын, енді іс абайсыздық бабы бойынша қайта қарастырылғанын да айта кетті.

2020 жылдың 14 тамызында сот санкциясымен Берік Шәріп қамауға алынды.

14 қаңтар 2021, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.