Атырау, 20 сәуір 19:49
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болды

1 559 просмотра
Сурет: metalmininginfo.kz

13 қаңтарда сағат 21:53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин атындағы» шахтасында апарт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап. 

«Апат болған кезде үш жұмысшы, атап айтқанда, бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Төтенше оқиға салдарынан тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі апат орнынан дереу кетіп қалды, ал машинист ұңғыма түбінен шыға алмады», – делінген хабарламада.

Апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сы жер бетіне шығарылды. «Кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметі келгеннен кейін дереу шахтаға түсті. Сағат 23:00-де аэрогазды бақылау аппаратурасының көрсеткіштеріне сәйкес шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келді. Авариялық-құтқару қызметінің бөлімшесі ұңғыма түбіндегі тау-кен массасын тазалауда. Зардап шеккен бір адамды іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Іздестіру жұмыстарына шахтаның 17 қызметкері мен авариялық-құтқару қызметінің екі бөлімшесі (16 адам) жұмылдырылды», – деді ТЖК. 

Аталған апатты тексеру үшін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында комиссия құрылды.

14 қаңтар 2021, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.